Атаулы көмекті ақшаға айналдырғандар

28.05.2020, 11:51

9

Дәл қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша жалпы 138 мыңнанастам шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді.


ЖИҺАЗ ӨНДІРУДЕН КӨШБАСШЫ

Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістанда жеті ірі кәсіпорынболса, сонымен қатар жеке кәсіпкерлікпен тіркелген бірқатар шағын жиһаз цехтарыда жұмыс істейді. Түркістан қаласы облыс көлемінде жиһаз өндірісінен алдыңғыорында. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 20 пайызын осы қатты және жұмсақжиһаз өндірісі құрайды. Мұның дәлелі ретінде ТМД елдеріне жиһаз экспорттайтын«Гранд Микс», «Азия бренд», «Мебель люкс», «Кордиал» сынды кәсіпорындарды атасақта жеткілікті.

Соның ішінде өз жұмысын 2013 жылы шағын цехтан бастаған «Азия бренд» кәсіпорныбүгінде түркістандық 60 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Шағын кәсіпкерлікті мемлекетқолдауымен бастаған бұл цехта жиһаздарға қажетті шикізатты әрлеу өнімдері деосы жерде дайындалады. Цехтың жылдық өнімділігі – 10 мың дана жиһаз топтамасы.Сондай-ақ бүгінде жиһаз топтамасына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың80 пайызы өздерінен шығады. Бұрындары Ташкент, Қытай елдерінен тасымалданған өнімдердіенді цехта өндіріп, өндірістің тиімділігін арттырып, баға тұрақтылығын сақтапотыр. Қазір фабрикадағы жұмыстың 80-90 пайызы автоматтандырылған. Цехтағы жұмыситальяндық станоктар көмегімен жүргізілуде. Жобалық құны – 20 миллион теңге. Өнімніңсапасын жақсартып, көлемін арттыру үшін кәсіпорын қызметкерлері шетелдікмамандармен тәжірибе алмасып отырады.

Сондай-ақ Түркістандағы индустриалды аймақтағы үлкенжобалардың бірі – «Гранд Микс» кәсіпорнының өнімдері еліміздің барлық өңірлерінетаныс. Себебі фабрика өнімдері еліміздің 14 облысына және Қырғызстанның Бішкек,Ош қалаларына жіберіледі. Кәсіпорын 145 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыпотыр.


ТҮЙЕ ЖӘНЕ БИЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ

Түркістанда түйе сүтінен дайын ұнтақ шығаратын зауыттың  іске қосылғанына екі жылдың көлеміндей болды.Күніне 100 тонна сүт өндіретін кәсіпорында 100 адам еңбек етеді. Оның небары10-ы ғана қытайлық маман болса, қалғаны жергілікті тұрғындар.

–Бұл – Орталық Азияда теңдесі жоқ, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын жалғыззауыт. Ең соңғы жаңа технологиямен жабдықталған бұл зауытта барлық жүйеавтоматтандырылған. Цифрлық технологиямен басқарылады. Цехтың негізгі міндеті сүттіқабылдап алғаннан кейін ең алғашқы өңдеу процестері жүреді. Арнайы қондырғыментазаланып, залалсыздандырылады. Ең соңында таза сүтті келесі цехқа жіберіп, ұнтақетіп шығаруға дайындаймыз. Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе және бие сүтін өңдеп,одан құрғақ ұнтақ шығарады. Мысалы, 15 тонна түйе сүтінен 1 тонна дайын ұнтақалынады. Құтыдағы құрғақ ұнтақты суға езіп, шұбат ретінде пайдалана беругеболады. Бір құтының ішіндегі ұнтақтың салмағы – 330 грамм. Егер мұны түйе сүтінеайналдыратын болсақ, 3,5 литр дайын шұбатқа айналады. Зауыттан шыққан дайын өнім,негізінен, Қытайға экспортталады. Одан кейін Еуропа елдері мен АҚШ-қаэкспорттау жоспарда бар, – дейді алдын ала өңдеу цехының жұмысшысы Аршын Ғабиден.

Бұл жерде адамның қол күші жұмыс істемейді.Тек қана мамандар қадағалап, бақылап, басқарып отырады.

         

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА жүйесі

Айта кету керек, облыста кәсіпкерлікті дамытудың жаңа архитектурасы әзірленгенболатын. Нәтижесінде мамандар тобы құрылып, оның құрамына инвестициялар жәнеэкспорт басқармасы, «Turkistan Invest» фронт офисі, кәсіпкерлерге қызмет көрсетуорталығы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы, «Оңтүстік» АИОжәне «Ырыс» МҚҰ кірді. Аталған ұйымдар жұмысын облыс әкімінің орынбасары қадағалайды.

Осының ішінде бір ғана Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы 2019 жылы10 миллиард теңге сомасында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаған. Директорорынбасарының айтуынша, 2019 жылы палатаға 560 өтініш келіп түссе, соның 418-іоң шешімін тапқан.

Сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасыаясында өңірде 12 579 адам оқудан өтіп, оның 7933-і грант иегері атанып, жұмыссызхалықтың 24 пайызы жұмыспен қамтылған. Қысқа мерзімді оқыту бағыты бойынша 5466жұмыссыз азамат үш айлық оқу курстарынан өтіп, 1477 түлек 745,8 миллион теңгегрант иегері атанды. Сонымен қатар «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобаларышеңберінде 7113 адам оқуды аяқтаған. Оның аясында 2,7 млрд теңгеге 401 жобаіске асырылып, 3,2 млрд теңге қаржы 6456 түлекке грант берілді.


АӘК-тен БАСТАЛҒАНБИЗНЕС

Бизнес бастаймын деген адам ақшаны қалайдатабады екен. Мәселен, Сарыағаш қаласының тұрғыны БақтиярЛесбеков көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен тағайындалған 861 мың теңгеатаулы әлеуметтік көмекке жеке кәсібін ашқан. Ол жұбайы  екеуі түшпара жасайтыншағын цех ашып,  қосымша екі азаматшаны жұмыспенқамтып отыр. Жеке кәсіптерін ұлғайту үшін олар мемлекеттен берілетін қайтарымсыз «Грант» 500 мың теңге алуға ниетбілдіруде.

 Сондай-ақ Түлкібас ауданының тұрғыны Райхан Жасұзақова даалты баласына берілген 621 мың теңге атаулы әлеуметтік көмектің есебінен көптенбері армандап жүрген ісін қолға алған.  Әлгіақшаға келіншек аудан орталығында орналасқан сұлулық салонынан орынды жалғаалып, сонымен қатар іс бастауға қажет құрал-саймандарын да түгел алды. Егер деосы ісін дөңгелетіп кете алса, көп ұзамай өзінің жеке сұлулық салонын ашпақниетте.


Жалпы, Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасалғаналғышарттар жөнінде сұрағанымызда:

 –Президенттің жолдауында көрсетілген міндеттерге сәйкес, шағын бизнесті үш жылдықмерзімге салықтан босату тетіктері әзірленеді. Сонымен қатар облыста «қарапайымзаттар экономикасы» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда және Түркістаноблысы нәтижелер бойынша көш бастап тұр, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Осының арқасында 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Түркістан облысындажұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны өткен жылғытиісті кезеңге сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,4 пайызға (141 606 бірлік)артқан. Облыс орталығы Түркістан қаласында алдағы уақытта кәсіпкерлікті, өнеркәсіптідамытуға баса мән беріліп отыр. Бұл тек қаланың көркеюіне ғана емес, жұмыссыздықтыңда азаюына сеп болмақ.

Мәриям ӘБСАТТАР

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27