Атбасар Чкаловпен қоштасты

18.03.2019, 02:48

4

Кеңестік кезеңде  отарлау идеологиясының шырмауынан шыға алмаған қалалардың бірі Атбасар қаласы. Солақай саясаттың саясында болған көшелерге жаппай орысша атаулар берілді. Ессіз қоғамды еске салатын ескі атаулар әлі күнге дейін жойылмай келеді. Олардан арылу жұмыстары қарқынды деуге келмес. Десе де, күні кеше қалаулы оқиға болды. Атбасардың орталық көшесіндегі Чкалов атауы Қанай би есімімен өзгертілді. Би есімін беруге бастамашыл топ — Ақмола облыстық соты мен тарихи тұлғаның ұрпақтары.«Заманның ой-өрісіне сай келмейтін ескірген көше атауларынан арылу заман талабы.  Өткен ғасырдың басында ұшақпен сынақ өткізу кезінде қайтыс болған ресейлік ұшқыш Чкалов, әрине, орыс халқы үшін ұлы тұлға шығар. Алайда, оны қазақ халқына еңбегі сіңген тұлға ретінде қарастыра алмаймыз. Тіпті, сол Чкалов  қазақ халқын көрмеген адам.Ал Қанай би  Ақмола облысының тумасы, Абылайдың сенімді билерінің бірі.Көшелерге қазақ елінің үлгілі ұлы тұлғаларының есімдерін беруді жалғастыра беруіміз керек, — дейді Қанай би ұрпағы Дәуренбек ЖАРЫЛҒАСОВ.Көшеден өзге елдімекен атаулары ауыстыруды қажет етеді. Ақмола облысы Атбасар аудандық мәдениет және тілдерді тамыту бөлімінің мәліметі бойынша, жалпы Атбасар ауданында 31 әкімшілік бірлік бар, солардың  тек 10-ның атауы мемлекеттік тілде. Оларда 309 көше бар, 210 мемлекеттік тілде (68 пайыз) және 99 орыс тілде (32 пайыз).Ауылдық округтерде 193 көше бар, оның 168-і мемлекеттік тілде (87 пайыз), 25 орыс тілде (13 пайыз).Атбасар қаласында 116 көше бар, олардың қырық алтысы мемлекеттік тілде, яғни (40 пайыз) және 70 орысша (60 пайыз), оның ішінде шамамен 30-ға жуық көше атаулары идеологиялық тұрғыда ескірген көше атаулары болып саналады. Олар еліміздің әр өңірінде бар көше атаулары мысалы: (Революционная, Пионерская, Гвардейская, Комсомольская, Красноармейская, Пролетарская, Краснознаменная) және т.б.«Биылғы жылдың басынан бастап Ұлттық санаққа қатысты ономастика жұмыстарына 2019 жылдың аяғына дейін уақытша мораторий жарияланды. Алдағы уақытта мораторий алынғаннан кейін осы бағыттағы жұмыс қайтадан жалғасады», -дейді Мәдениет және тілдерді тамыту бөлім басшысы Әділхан СЕРІКБАЕВ.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27