Атбасардағы азаптау ісі: алқабилер үкімінің күші жойылды

Ақмола облыстық соты Атбасар ауданының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімінің күшін жойды.
Олар түрмедегі ондаған тұтқынды ұрып-соғып, азаптады деп айыпталған болатын (ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы - Азаптау).
"Азаптау бойынша ақтау үкімінің күші жойылды. Бірінші инстанцияға қайта жіберді. Тимур және өзге жәбірленушілерге жаңа сот талқылауында күш пен төзім тілейміз. Бұл психологиялық жағынан өте ауыр” деп жазды құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.
Сот өкілдерінің айтуынша, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тұтқындарды азаптады деп айыпталған, алайда сот алқасы "қылмыс құрамы болмағандықтан" оларды ақтаған.
"Сот алқасы қатысқан отырыста талқыланбауы тиіс болған сұрақтар қаралды. Бұл олардың жәбірленушілер туралы қате байлам жасауына әсет етуі мүмкін. Оның үстіне бірқатар жәбірленушілерге сотта сөз сөйлеуге мүмкіндік жасалмады" деді облыстық сот өкілдері.