Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:28, 01 Мамыр 2020

Атилланың Каталаун шайқасындағы ұстанымы: Жеңу немесе Өлу болды

Көне тарихымыздағы тұлғалар есімдерін атай бастасақ, алғашқылар қатарында Аттиланың есімі ауызға түседі.

Тарихымыздан белгілі, ІҮ ғасырдың 70-ші жылдарында қытайдың қысымына төтеп береалмаған хуннулар(хұндар) батысқа жылжып, қазіргі  Ұлы Даланы көктеп өтіп, жолшыбай көшпелі  Аландардың қаһарлымемлекетін күйретіп,  375  жылы Еуропаны қуатты толқындарымен тіліп,көсіліп аққан, жағасы жайсаң жайылымдарға бай Дон өзенінің бойынан бірақ шықты.Мұнда оларды гундар(қазақша-ғұндар) деп атай бастады. Осында  олардың «буырқанған-бұрсанған, мұздай темір құрсанған» қуатты жер қайысқан қалың қолының , жасақтарының алдында бұрын Еуропаны қаһарларымен қаймықтырған, ал ендішарасыздықтан бастары салбыраған, бағынышты остгот тайпаларының көсемдерітізерлеп отырды. Ғұндардың қаһарлы кейпі осындағы вестгот тайпаларының да үрейлерін ұшырып, олар батыстағы Фракияжерін бетке алып, шілдің боғындай бытырап, тым-тырақай қашты.             

Ғұндарды бұл тұста  Баламбердеген  өжет те қаһарлы көсем басқарды.Ғұндардың көптеген халықтарды ата қоныстарынан еріксіз қозғаған, олардыңжаулаушылар қаһарынан қаймығып, батысқа жаппай жөңкілулерін туғызған  бұл көш адамзат тарихында  «Халықтардың ұлы қоныс аударулары» дегенатпен белгілі. Еуропада гун аталып кеткен хұндардың осынау ат жалында ойнап,ауыздықпен алысқан,  жолындағыны қоғадайжапырып, сынаптай сырғыған, ымыраға келмес қатыгез кейпін сол заманның әйгілітарихшы Иордан(ҮІ ғ.) зор таңданыспен жазды (Иордан. О происхождении и деянияхгетов. М., 1960). Еркін аңшылық құратын аймақтар мен шүйгін шөбі белуардан,жайқалған жайылымдар іздеу  — ғұндардыңЕуропаға аяқ басуларының басты себебі міне, осы еді.                                                       Ғұндар одағыныңкүш-қуаты әсіресе,  Ғұндар билеушісі  Ругиланың немере  інісі Аттиланың  көсемдік жасаған тұсында ерекше артты. Ол қазіргіқазақ арасында Еділ деген атпенбелгілі. Алайда кейбір зерттеушілер, мысалы башқұрт профессоры Закиров оны «Аттылы»десе, Алмания(Германия)және Скандинавия тарихшылары оны Этцель, ал славянь тарихшылары — Атыл  деп құбылтыпң бәлкім бұрмалап атайды. Есімікөптеген  халықтар арасында аңызғаайналған оның басқаша атаулары да бар. Бүгінде көне қыпшақтармен ата тегінбайланыстыратын Еуропа венгерлері оны өздеріне ата қылып алған. Ол шамамен 400жылы Қаратеңіздің солтүстік жағалауында дүниеге келіп, 453 жылы өмірден өткен әлемге аты белгілі ұлы тарихи тұлға. Қазақзерттеушісі Самат Өтенияз өзінің «Аттила» атты еңбегінде француззерттеушісі А.Тьерридің екі томдық, Парижде 1856 жылы басылған еңбегіне сүйенеотырып, мынадай деректерді алға тартады: "… А.Тиерри Аттиланың есімітуралы көп зерттеу жүргізді. Оның негізгі түбірі Еділ өзені екенін, қазірорысша  Волга деп атайтынын, оның даңқтыболуына осы өзен атының себебін айтады. Атилла әрине, ата-бабасының атамекеніЕділ бойында туған жоқ, оның балалық шағы Дунай өзенінің жағасында өтті, сондаөсіп ер жетті, оқып білім алып, әскери істерді үйренді. Жастай ағасы Бледаекеуі немере ағалары Ругила басқарған әскери жорықтарға қатысқан.  Алайда Аттила жас жағынан Бледадан көп жас кіші болғанымен хұн ордасының тағынаотырады..." ( Самат Өтенияз. Атилла(ғылыми зерттеу). Алматы, 200 ж.,154-155 бб.). Осы пікірмен тайталасатын басқа дәлелді деректер жоқ болғандықтаносы айтылғандарға сенуге тура келеді.                                                                       

Тарихи деректер бойынша ғұндар патшасы Ругила  434 жылы өлген. Ал Аттила жеке дара билеушіретінде таққа 11 жылдан кейін, яғни тек 445 жылы ғана отырған. Оның себебі, осыжылдары  ол билікті ағасы Бледаменбөліскен, яғни елді бірге басқарған. Бледаның әкесі Ақтар мен Аттиланың әкесіМыңзық қайтыс болған патша Ругиланың туған бауырлары еді. Әрқашан Аттиланыбасқыншы ретінде қабылдап, оны сондықтан да жамандауға бейім тұратын Еуропатарихшылары ағасы Бледаны өлтіріп таққа отырушы қаныпезер ретінде сипаттайды.Мұндайда мынадай сауал туындайды: егер Аттила тақ үшін бауырын өлтіруге дайынболса ол, 11 жыл бойы неге мұндай төтенше қадамға бармаған. Нені күткен, жәнеол шынымен де билікте отырған Бледаны өлтірген болса, оны жақтайтындар, яғникөп жыл бойы Бледаға адал болғандар еш наразылықсыз Аттиланы хан көтеруге неге  келіскен? Өкінішке орай бұл сауалға жауапжоқ. Қалай десекте сол заманда ғұндар арасында өзінің қолбасшылық және қайраткерлік қасиеттері жағынан Аттилаға жететінтұлға болған жоқ деп айтуға толық негіз бар. Өйткені жоғарыда біз атап кеткенфранцуз Тьерри оны адамзат тарихында Ганнибалмен, А.Македонскиймен жәнеЮ.Цезармен қатар тұратын ұлы тұлға деп бағалайды екен. Біз де осы пікіргеқосыламыз. Аттила барлық ерекше ұлы тұлғалар тәрізді  бір көрген адамның санасында ұмытылмас ізқалдыратын сыртқы кейпі де, бет пішіні де дара жан болғанын  оны өзі көзімен көрген грек тарихшысы  Приск де жазып қалдырған. Оның суреттеуіншеАттиланың  Азия аймағынан екендігі ерекшекөзге ұрып тұрған. Әдетте оның көздері далалықтар тәрізді қысық, жәнеөңменіңнен өтіп кетердей өткір, бойы орташа, денесі орнықты да мығым, жылдам дашапшаң жүрісті, күмістей сыңғырлаған дауысы ашық айшықты да кесек тұлға болған.Прискінің айтуынша ғұндар өздерінің көсемдерін құдайдай құдірет тұтып, оғантабына бас иген. Аттила бар жерде оның сарбаздары қамшыдан қуат алғанарғымақтай делебелері қозып, рухтанған. Сондықтан да Аттиланы еуропалықтар«Тәңірдің қамшысы» атап кетті. Жалпы Аттиланың дарынды ұлы қолбасшы, көшпелілердің кемеңгер мемлекетбасшысы(оны батыс тарихшылары бірде король, бірде император деп атайды)ретіндегі қаһарлы да, тартымды және қайталанбас тұлғасы жоғарыда айтылғантарихшылардан басқа оның замандастары аквитаниялық Проспердің, испандықИдасионың, вестготтық Иорданның жазбаларында бенелі айтылған.                     

Оны ғұндардың қалай құрметтегенін Самат Өтенияз  қазақшаға аударған жоғарыда айтылғанПрискінің естелігін оқығанда байқай аламыз. Онда мынадай жолдар бар:"...448 жылы Максиминнің"(Рим империясының ғұндарға жібергенелшілігінің басшысы- Т.О.) өтініші бойынша мен олармен бірге жолға шықтым. Бізбен бірге Хун ордасының елшілері кележатқан еді. Констанипольдан 13 күндік жердегі Сардик қаласына келіп тоқтадық.Қала тұрғындары бізді жақсы қарсы алды. Біраз қой мен сиыр сойып, қонақасыберді. Сонда біз Эдикон басқарған хун елшілерімен бір дастархан басындаотырдық. Тамақ алдында хун жігіттері Аттиланың атын атап сиынды, ал біз өзпатшамыздың атын атап сиындық. Вигил(ол да осы елшіліктің екінші басшысы еді-Т.О.) хундарға әзілдеп: «адам мен құдайды салыстыруға бола ма — Аттилаңызадам болса, Феодосий(Шығыс Рим императорының есімі — Т.О.) құдай емес пе», — деп күлді. Әзіл болғанымен Вигилдің бұл сөзі әлгілердің қытығына тиді. Хунжігіттері  өре түрегелді. Біз жылы сөздерайтып, кешірім сұрап, оларды зорға дегенде сабасына түсірдік...".

Ақиқатын айтқанда римдіктердің бұл кезде ғұндарға қалжыңдап, олардымұқататындай шамалары да жоқ еді. Өйткені осының алдында ғана, 447 жылыАттиланың жер қайысқан 700  мыңға жетіпжығылатын қалың қолы құмырсқадай қаптап, Шығыс Рим империясының астанасыКонстантинопольға жақындап, оның айналасындағы өңірлердің бәрін дерлік жаулапалған еді. Ғұндарға қарсы римдіктер не істерін білмей, қатты састы. Оның үстінеАттила олар жіберген елшілерді суық қабылдады. Мұның басты себебі — Аттилаосыдан біраз бұрын өзінің римдіктерге жіберген елшілері арқылы кезінде өзінебағынғылары келмей, римдіктерге қашып кеткен ғұн сатқындарын ұстап алып, кейінқайтаруды талап етті. Екі жақтың арасындағы өзара келісім бойынша Рим империясыөз аймағындағы ғұн қашқындарын түгелдей қайтарып берулері керек еді, және осыталап орындалмайынша римдіктердің елшілері ғұндардың ордасына аяқ баспауларытиіс болатын.  Алайда римдіктер бұлтаққасалып, келісілген талапты орындағылары келмеді. Ал бұл Аттиланы қаттыашындырды.                                   

Осыған өзі куә болған Прискінің осы келісімді бұзып, Ғұн ордасына рұхсатсызкелген елшілік басшыларының бірі жоғарыда аталған Вигилге арыстандай ашынаақырып, адам баласы тіктеп қарай алмайтын өткір де от шашқан жанарын қадап,шүйілгені белгілі. Жағдайы көпе-көрнеу мүшкілдене түскен елші Вигил болсажалбарына сөйлеп,  Константинопольдаешқандай ғұн қашқындары жоқ екендігіне Аттиланы сендірмек болды.        

Алайда Аттила ешкімге, әсіресе дұшпандарына орынсыз сөйлеп, дауыскөтермейтін, және қашанда көшпелілер дәстүрімен сөзге тоқтайтын, айтарын алдынала бағамдайтын, және осы кемеңгерлік кейпімен ен даланы жайлаған халықты өзінетабындырған ұстамды да орнықты тұлға еді. Осының дәлелі — ол өзініңхатшысына  қашқындар тізімін оқытып, Вигилгебылай деп қайта қаһарланды:«Мен сені осынша иттігің үшін өлтіріп,өлімтігіңді жыртқыш құстарға жем қылар едім, Әттең елшілік дәстүрді бұзаалмаймын.» Осылайша ол, Вигилді Византияға шұғыл қайтарып, оның жанынаондағы ғұн қашқындарын кейін қайтаруды ұйымдастыратын, өзінің сенімді адамынқосып жіберді.                                                                                   

Аттиланың қаһарлануы Рим үшін аса қауіпті еді. Сондықтан да елшіліктіңқалған мүшелері онымен қалай да тіл табысуға күш салды. Елшіліктегі беделдіПриск Аттиламен жеке әңгімелер жүргізіп, оған Римнің Дунай бойындағы жерлердіберетінін, және оған қосымша Византияның бұрыннан оған төлеп келген салықтарынүстемелеп, көбейте түсетінін айтып, бейбіт келісімге көндірді (Гумилев Л.Н.Гунны//«Советская историческая энциклопедия». Т.4. М., 1963, 890 б.).Алайда Аттила өзіне бейбіт жолмен бағынғылары келмейтін Еуропа тайпаларынбұрынғыша күшпен бас идіру жолынан еш қашанда бас тартқан емес. 451 жылы ол,жер қайысқан қалың қолмен  Галлияға басыпкірді. Мец, Страсбург, Вормс, Майнц тәрізді жау алмас қамалдары бар елдімекендер енді ат табанында тапталды. Орлеан ғұндар  қоршауында қалды.                                                                     

Осы жорық Еуропаның авторы белгісіз, ҮІ ғасырда жазылған «Аттиланың Галлияға жасаған біріншіжорығы» атты қолжазба кітап түріндегі көлемді поэмада жырланған. Ондағығұн тіліндегі  Аттиланың ұлағатты сөздері,дарынды қолбасшылық іс-әрекеті  жайлықұнды деректер кейінгі тарихшылар еңбектеріне арқау болды.       Алайда, мынаны да айтпасқа болмайды: еуроцентристік «аурумен»ауырмаған зерттеушілер Аттиланы адамзаттың ұлы тұлғаларының қатарына  қосып отырса да, оны күні бүгінге дейінбасқыншы және қанішер бейне ретінде көрсетуге құмар зерттеушілер де аз емес.Олардың арасында әсіресе өздерінің халықтарын көшпелі ғұндардан жоғарықоятындар, Аттиланың соңынан ілескен жұртты надан варварлар ретінде біржақтықарастыратындар да жеткілікті. Осындай оймен рухтанған олар әдетте, адамзаттарихындағы ең ірі шайқастардың  бірі — Каталаун жазығында болған «халықтар шайқасын» Аттила ғұндарын күйреткен ұлы ұрыс ретінде дәріптейді.Мысалы, 16 томнан тұратын «Советская историческая  энциклопедия» атты орыстіліндегі  іргелі еңбекте осыған байланысты мынадайжолдар бар: "… во второй половине июня 451 произошла" знаменитаябитва народов", в результате которой войка во главе с римским полководцемАэцием и их временные союзники — вестготы, бургунды, франки, аланы и другие — на голову разгромили полчища гуннов, предводительствуемые Аттиллой, иподвластные им племена(остготы, гепиды и др… Решающим фактором поражениягуннов явилась славая спаянность их этнически крайне пестрой армии. Исход битвы(по Иордану) был предопределен успешными действиями римлян и вестготов,сумевших обладеть господствующей высотой. Битва на К.П.(Каталаунском  поле- Т.О.)., одна из кровопролитнейших вистории(по данным Иордана, значительно преувеличенным, здесь пало до 180 т.ч.),положила конец дальнейшему продвижению гуннов в Западную Европу и нанесласокрушительный удар их «державе», вскоре после этого прекратившейсуществование (Каталаунские поля//«Советская историческаяэнциклопедия». Т.7. М., 1963, 97-98 бб.).                               Мұнда орыс тарихшыларының ғұндарды басқыншыларретінде жағымсыз тұрғыда сипаттауларынан және олардың мемлекетін  держава ретінде мойындамай, тырнақшаға алыпкемсітулерінен-ақ тарихи шындықтың біржақты бұрмаланып отырғанын айқын аңғарааламыз. Каталаун жазығы Францияның солтүстік шығысында Труадан батысқа қарайорналасқан. Қазіргі аты Шалон  сюр Мари.Ал енді  атақты Каталаун шайқасынакелсек, ол туралы айтқанда біздің әрине, сол заманның куәгері болған Иорданныңжазбаларына сүйенгеніміз жөн. болады. Оны оқығанда кейінгі тарихшылардың Иорданайтқан дей отырып, шын мәнінде оны бұрмалайтын қорытындылар жасағанының  да куәгері боламыз. Иорданның айтуынақарағанда талай соғысты бастан өткізген Рим империясының  бас қолбасшысы Аэций өзінің кімге қарсы соғысқабара жатқанын жақсы түсінген, және Римнің тұрақты әскерімен қанағаттанбай,бұрындары Рим әскеріне көмекші жауынгерлер түрінде ұрыстарға қатысқан Еуропаныңтүкпір түкпірінен әскерлер жинаған. Олардың ішінде франктер, кельттер,германдықтар, саксондықтар тәрізді әртүрлі тайпалар да көп еді.                                      Дегенмен деолардың біразы Аттилаға қарсы қару көтерудің аса қауіпті екенін түсініп, ұрысалдында оның жағына шығып кетуге бейім тұрды. Мысалы, аландардың королы Сангибан соғыс қарсаңында  оған бағынуға дайын екенін айтып, галлдардыңқаласы Аврелианды(бұл кезінде Аттила қоршаған Орлеан қаласының бұрынғы аты)қарсыласпай бермек болды. Алайда мұны естіген вестготтар королы Теодорит жәнеАэций қалаға тездетіп жетіп, оны Аттила келерден бұрын биік топырақ қамалменқоршап үлгерді. Ал ұрысқа дайындық барысында күдікті Сангибанды өзініңаландарымен бірге  әскерлерінің ортасынаорналастырып, оның бұлтақтауына жол бермей қойды. Оның оң жағына король Теодридөзінің вестготтарымен, ал сол жағына — Аэций өзінің римдіктерімен орналасып,оны Аттилаға қарсы соғысқа мәжбүрледі.                                                                                                      Қаптағанәртүрлі көп тайпалардан құралған  өзініңәскеріне Аттила да берік сене қойған жоқ. Сондықтан да ол, шайқас алдындаұрыстан қашып кетудің, ерлікпен қайтыс болуға қарағанда нағыз масқаралық екенін  олардың санасына сіңіруге тырысып бақты.  Шынында да мұндай қисапсыз көп адам қатысқаналапат қырғында кімнің жеңіске жететінін алдын ала болжау аса қиын еді.Сондықтан да көңілі күпті ол, көшпелілерде ежелден қалыптасқан сәугейлік — жауырынға қарап  бал ашатын көріпкелпікірімен танысып алуға бел шешті. Жауырыншы болса оны қуанта алмады. Оныңайтуынша,  ұрыс ғұндарға  қасірет алып келетін еді. Айтылғандардан текбір нәрсе ғана көңілге медеу болды: ұрыс барысында қарсы жақтың көсем басшысықайтыс болып, осылайша дұшпандар жеңісі қайғыра қара жамылумен тәмәмданадыекен. Осыған қамкөңіл болған Аттила ең болмаса өзінің жеке басын қатерге тігіп,елге ерліктің үлгісі болу арқылы  алғабасуды қажет деп шешті. Сондықтан да  олөзі өзіне сенімді ғұн тайпаларымен әскердің бел ортасына, яғни елдің бәрініңкөзіне түсетін жерде болуды, ал екі қанатқа өзіне кейіннен бағынған көп ұлттытайпаларды орналастыруды жөн деп шешті. Мұндай жағдай Аттиланың өзінің деқауіпсіз өзіне берілген әскери ортада әрекет етуін қамтамасыз ететін еді.                                                                                             Алайда екі қанаттағылар арасындада  ғұндар королына адалдар аз емес еді.Оларда, мысалы, остготтардың  беделді деқуатты Амал руынан шыққан ағайынды Валамир, Теодомир, және Видемар тәріздіеуропаға әйгілі көрнекті тұлғалар бар еді. Олар өздерінің ататегі жағынанАттиладан да құрметті ақсүйектер болатын. Мұнда құмырсқадай қаптаған гепидтертайпасының даңқты королі Ардарихта бар еді. Аттила өзіне тән көрегендікпен оны,және остготтар королы Валамерді басқа өзіне бағынышты көптеген басқапатшасымақтарға қарағанда табандылықтары, адалдықтары, небір құйтұрқызымияндықты дер кезінде әшкере ететін алғырлықтары, және құпияға беріктіктері үшін ерекше сүйіп, құрметтейтінеді. Өз кезегінде айтар кетеріміз осындай еуропа кеңістігіндегі әйгілітұлғалардың Аттиланы ортақ король ретінде мойындаулары да  Аттиланың ұлылығын, елден ерек жарқын тұлғаекендігін айқындай түседі.                                                 

Әскери істе  алдына жан салмас асатапқыр ол, ойластыра келе соғысты кештетіп, кешкі сағат тоғыз болғанда ғанабастады. Мұндағы ой, ғұндар жеңіліп бара жатса, оларды тездетіп келетін түнқараңғылығы апатты жағдайдан құтқаруы тиіс еді. Ұрыс болатын Каталаун жазығы даекі жақты  о бастан текетіреске шақырыптұрғандай еді. Айналасы жап-жалаңаш бұл даланың ортасында жерден тесіпшыққандай биік тастақ шоқылар бар еді. осы шоқыға кім бұрын шығып алса, солжауына төбеден қарап, жоғарыдан садақ атып, үстем жағдайға қол жеткізер еді.Сондықтан да осы биіктіктің оң жағына орналасқан ғұндар мен сол жағынаорналасқан римдіктер алғаш шоқыға қарай жанталаса ұмтылды.  Алайда мұнда адамдарымен ғұдардан бұрынжеткен вестготтар королы Теодорит және рим қолбасшысы Аэций болды. Олар шоқыбиігіне шығып алып, жоғары ұмтылған ғұндарды жамсата қырумен болды. Осыдантұмсығы тасқа тигендей болған ғұндардың беті қайтып, алғашқы екпін басылыпқалды.                                                 

Мұны көрген Аттила ғұдарды өзінің төмендегідей жалынды да, отты сөздеріменрухтандырды:«кәнеки, жедел де жеңіл түрде жауға шабуылдайық, өйткені кімсоққы берсе, сол ержүрек. Мұнда жиналған әр тілде сөйлейтін тайпаларды көзгеілмеңдер:  одақтасқан күшпен қорғану — қорқақтықтың белгісі. Қараңдаршы!  сендерұмтылмай-ақ жауды үрей баурап алды: олар биік жерлер іздеп, қорғандарға бекінуде…Қанеки, сендердің рухтарың көтерілсін, қанеки, сендерге тән өжеттілік қайнапшықсын!  Ғұндар, енді өздеріңніңақыл-ойларыңды іске қосыңдар! Кім жараланса,  — дұшпанды жастығына ала кетіп, өлтірсін, саусың ба онда жаудың қанынтойғаныңша сіміріп іш. Жеңіске ұмтылғандарды ешқандай жебе ала алмайды, алөлімге бара жатқандар бейбітшілік уақытында да жазым болады.  Егер ғұндар осы шайқастан соң шаттанатойламаса, онда тағдыр ғұндарды неліктен осынша тайпалардың жеңімпазы етіпжаратты?.. Мен мұның қалай аяқталатынына күмәнданбаймын -  міне, осы далада біздің барлық жетістігімізкөрініп тұр! Және мен, бірінші болып, жауға жебемді жіберемін. Егер Аттилашайқасып жатқанда  кім тыныштықты қаласа,ол енді көмілген өлік!» 

Осылайша қаһарлана атандап, жауға бірінші болып ат қойған ғұндардың королы өзінің сарбаздарының рухын көтеріптастады. Қоян-колтық, жан алып, жан беріскен қырғын соғыс басталды. ТарихшыИорданның айтуынша. «Мұндай шайқасты ежелгі дүние ешқашанда көріп-білгенемес». Бұрындары Каталаун шоқыларынан жылыстап, сылдырай ағып жатқан әлсізбұлақтар енді өлген адамдардың ыстық қанымен араласып арнасынан асып,көбіктене, буырқана ақты. Жараланған бақытсыз байқұстар жанталаса оған  шөліркеп жетіп, өздерінен аққан қанғаараласқан сұйықты тамсана жұтумен болды. Осындай қиын сәтте бұрын жауырыншы балгер болжаған болжам расқа шықты.Андагис атты остготтар қолбасшысы әскерін жағалап, олардың рухын көтеріп кележатқан вестготтар королы Теодоритті найзамен қадап өлтірді. Жағдайды аландарданбөлініп, ғұндарға күтпеген жерден тап берген вестготтар шиленістіріп жіберді.Осындайда алғы қатарда тұлпарымен ойқастап жүрген Аттиланы тіке келген өлімненоның өзінің жағдайды алдын ала байқайтын ерекше сезімталдығы ғана құтқарыпқалды. Ол өз адамдарымен дер кезінде лагерді айналдыра қоршаған арбаларбекінісіне тығылып үлгерді. Түн қараңғылығы қарсы жақтың басшыларын да қиынжағдайда қалдырды. Қайтыс болған король Теодоридтің баласы қарбаласта адасып,ғұндарға тап болып, басынан жараланып, әупіріммен аман қалса, ал бас қолбасшыАэций да осыған ұқсас қиын ахуалға тап болды. Қанды қырғында екі жақтанИорданның айтуынша 165 мың адам өлді. Мұның сыртында құрбан болған 15 мыңгепидтер  мен франктар тағы бареді(Иордан. О происхождении и деяниях гетов. М., 1960. 108 б.).

Ал енді осы қырғынды қорытындылағанда еуропаның тарихшылары айтып жүргендей(оны жоғарыда айттық) Аттиланыжеңіліске ұшырады деп  қорытынды жасауғабола ма? Әрине, болмайды. Өйткені, біріншіден, ұрыс даласын вестготтар менримдіктер алғаш тастап кетті, және ғұндар шегінген жоқ, тіптен Аттиланың өзіжауларының жаңа шабуылын күтіп, аңысын аңдып, ұрыс лагерінде біраз уақыт қалыпқойды. Мұндайда кейін шегіну ойына да келмеген Аттила, жау қолына тірідейтұтқын болмауды да алдын ала ойластырды. Иорданның айтуынша, тіптен ұрысқызып,  жау қоршауында қалу қаупі төнгенкезде де ғұндар королы өзінің жоғары жауынгерлік рухын жоғалтқан жоқ. «Олаттардың ертоқымдарынан  лаулағанот-жалынды тұтандырды, және жау жарып кірген жағдайда оның жараланғанына ешкімде қуанбауы және осыншама көп тайпалар билеушісі  жау қолына түсіп қалмауы үшін осы от-жалынғақарғып кетуге дайын болды».                                             

Екіншіден, ұрыс біте салысымен-ақ Аттила римдіктердің соңына түсті.Ақырында оларды қуалап Римге дейін барған Аттиланың алдынан Рим папасы Леон Ікездесіп, қаланы басып алудан бас тартты. Еуропа күні бүгінге дейін оның Римдікөшпелі ғұндардың талауына бермегеніне дән разы. Арада екі жылдан соң адамзаттарихында өшпес даңққа бөленген ғұндардың ұлы тұлғасы ұрыс даласында емес,бейбіт өмірде дүниеден өтті. Тірісінде ерлігіне тамсанған ел, оның өлімін деаңызға айналдырып әңгімеледі. Жауына сайқымазақ болмасын деп ғұндар өздерініңкөсемдерінің денесін адам аяғы жетпес тереңге,  Еуропадағы Тисса өзенінің табанына жерлеген деген дерек бар.

Талас Омарбеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағыОрталық Азияның дәстүрлі өркениетттерін зерттеу орталығының директоры

Тегтер: