Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

Атырау әуежайында FlyArystan ұшағы рулеж жолынан шығып кетті

Р
Фото: ашық дереккөз

Атырау әуежайында авиациялық оқиға тіркелді. Бұл туралы  FlyArystan әуе компаниясы хабарлады.

2026 жылғы 14 қаңтарда Алматы – Атырау бағытындағы FS7202 рейсін орындаған FlyArystan әуе кемесі қонғаннан кейін ұшу-қону жолағын босатып, тұраққа бет алған сәтте төмен жылдамдықпен рулеж жолының шегінен шығып кеткен.

Ұшақ бортында 166 жолаушы болған. Барлық жолаушылар әуе кемесінен түсірілді. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін әуежай қызметтерімен және авиациялық билік органдарымен бірлесіп, белгіленген тәртіппен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: