Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:01

Атырау маңындағы ауылда үш адам газдан уланып қаза тапты

жедел жәрдем

Атырау қаласына жақын орналасқан Томарлы ауылында қайғылы оқиға болды. 28 желтоқсан күні күндіз үш адам табиғи газдан уланып көз жұмды. 

Атырау облысының ТЖД мәліметінше, оқиға болған сәтте үй ішінде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Өкінішке қарай, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Алдын ала дерек бойынша, үйдегі газ пеші тартусыз (тягасыз) жұмыс істеген. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы вокзалында тұрған пойызда ондаған адамның көмірқышқыл газынан уланып, медициналық көмекке жүгінгені хабарланған болатын.