16:12, 25 Шілде 2024
«Атырау мұнай өңдеу зауытының» бұрынғы директоры үйқамаққа алынды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілген.
Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде, делінген хабарламада.
М.А.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.