18:01, 11 Қараша 2024
Атырау облысында анасы мен баласы тірідей өртеніп кетті
Қайғылы оқиға Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 11 қараша күні түнде Уәлиханов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Психикалық ауруға шалдыққан 66 жастағы әйел 35 жастағы ұлын құтқармақ болған. Бірақ өрт салдарынан үйдің төбесі опырылып, екеуі де көз жұмды.
«Өрт 5:52-де оқшауланып, 6:30-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
Қайтыс болған әйелдің 68 жастағы жұбайы ауруханаға екі қолы күйген күйде жатқызылды, сонымен қатар бес жасар қыз көміртегі тотығымен улану белгілері бойынша ауруханаға жеткізілді.