Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:12

Атырау облысында бір шаңырақтың төрт бірдей мүшесі із-түссіз жоғалып кетті

1
Фото: ЖИ / Жас алаш

Олар 2025 жылдың күзінде хабарсыз кеткенімен, осы уақытқа дейін нақты дерек жоқ.

1
Фото: скриншот

Іздеуде жүргендер:
1959 жылы туған Мақсот Қарабалин;
оның жұбайы, 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева;
қызы, 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина;
ұлы, 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев.

Отбасы бір үйде тұрған. Алдын ала мәліметке қарағанда, ең әуелі ұлы Наурыз жоғалып кеткен. Ол туыстарына Ақтауға жұмысқа кететінін айтқан, содан кейін байланысқа шықпаған. Біраз уақыт өткен соң, ауылдан отбасының қалған мүшелері де кеткен. Көршілеріне дәрігерге бара жатқанын айтқанымен, қай қалаға бағыт алғанын нақтыламаған.

Содан бері олардың қайда екені белгісіз. Күмән тудыратын жайт — жоғалғаннан кейін Наурыздың атымен үйдегі барлық мал сатылып, түскен қаражат әкесінің есепшотына аударылған. Алайда қалааралық жол жүру билеттері немесе такси қызметтерін пайдаланғаны туралы деректер анықталмаған.

Қазіргі таңда полиция бұл оқиға бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тегтер: