Атырау облысында дрон сынықтарына ұқсас заттар табылды
Атырау облысында дрон сынықтарына ұқсас белгісіз заттар табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның дерегінше, 27 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, дронға ұқсас затты байқағанын айтқан. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сәйкес, нысан Атырау қаласынан шамамен жеті шақырым жерде табылған. Кейбір деректерде оның жанып жатқаны айтылып жатыр.
Сондай-ақ, табылған аумақта қозғалтқышқа ұқсас бөлшектер мен композитті немесе көміртекті талшықтан жасалған зақымданған фрагменттер болғаны жөнінде мәлімет тараған.
Алайда Атырау облысының полиция департаменті әзірге табылған заттардың нақты қандай нысан екеніне қатысты нақты ақпарат бермеді. Қазіргі уақытта уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында да дрон құлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол кезде де полиция күмәнді заттардың табылғанын растаған еді