Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:55

Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды

Е
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Мақат ауданында қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау фактісі тіркелді.

Оқиға салдарынан екі тәртіп сақшысы зардап шекті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2026 жылғы 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де болған.

Полиция мәліметінше, қызметкерлер құқықбұзушылықтың алдын алу үшін әрекет еткен. Алайда сол сәтте алкогольді масаң күйде болған бір топ азамат агрессия танытып, қарсылық көрсетіп, билік өкілдеріне күш қолданған.

Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталып, қамауға алынды.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Атырау облысы полиция департаментінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қысым көрсету, қарсылық таныту және күш қолдану әрекеттері қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

«Жауапкершілік толық көлемде болады. Ешкім жазадан құтылмайды. Заң бәріне ортақ», — деп мәлімдеді полиция.