Бүгін, 12:14
Атырау түрмесіндегі жанжал: бір сотталған көз жұмды
Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында болған жанжал адам өлімімен аяқталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 22 наурыз күні сотталғандар арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал салдарынан бір сотталған көз жұмған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.