Бүгін, 11:35
Атырауда 19 жастағы қызға шабуыл жасаған жігіт ұсталды
Атырауда 21 жастағы жігіт стрим аяқталғаннан кейін 19 жастағы қызды ұрып-соғып, пышақтаған деген күдікпен ұсталды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жігіт көрермендерімен қоштасып, қолындағы пышақ пен алған жарақаттарын көрсеткен. Оның жанында отырған қыздың үсті қан болып, қатты қорқып отырғаны байқалады.
Алдын ала мәлімет бойынша, видео жарияланғаннан кейін жігіт қызды бірнеше сағат бойы соққыға жығып, пышақтаған. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.
Күдікті өз сөзінде мұндай әрекетке досының өз-өзіне қол жұмсағанынан кейінгі эмоциялық күйзеліс себеп болғанын айтқан.
Оқиғаға байланысты «Азаптау» және «Жеке өмірге қол сұғу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.