Атырауда 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын қызды жарақаттады
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 наурыз күні Атырау қаласындағы Қонаев атындағы BINOM мектебінде болған.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен қызға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Алғашқы тексеруден және шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін ол Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, әрі қарай бақылау мен ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында, қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр.
Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.