Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:42

Атырауда балалар уланған бассейн иесі үй қамаққа алынды

Бассейн
Фото: Serena Repice Lentini / Unsplash

Атырауда шілде айының басында балалардың хлор буынан жаппай улануына себеп болған жеке меншік бассейннің иесі үй қамаққа алынды.

«Арнайы тергеу сотының қаулысымен күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу шешімі шығарылды», – делінген ресми хабарламада.

Жаппай улану: 13 бала зардап шекті

Оқиға Атыраудағы демалыс орындарының бірінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бассейнде шомылғаннан кейін 15-тен аса адам уланған, олардың 13-і – балалар. Үш бала ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.

Куәгерлердің айтуынша, бассейн ішінде хлордың иісі күрт күшейіп, судың түсі өзгерген. Балалар жөтеле бастап, есінен танып, талып құлаған. Ата-аналар балаларын жедел эвакуациялап, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.

Алдын ала болжам бойынша, улануға суды тазартуға арналған хлор құрамды реагенттердің мөлшерін дұрыс қолданбау себеп болған. Нысан иесі техникалық ақаудың болғанын мойындады. Оқиғадан кейін аквапарк уақытша жабылып, прокуратура мен төтенше жағдайлар департаменті тарапынан тексеру жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Тегтер: