Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:06

Атырауда жоғалған отбасы: іске жаңа баптар қосылды

Сұлтан Сәрсемәлиев
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында Жангелдин ауылында болған отбасы мүшелерінің қазасына қатысты резонансты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Қылмысқа күдікті 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша қосымша қылмыстық істер тіркелді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, төрт адамды өлтіруден бөлек, жәбірленушілердің малын сатып жіберу және мүлкін жымқыру деректері анықталған.

Іс аясында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева да тексерілуде. Тергеу сотының санкциясымен ол стационарлық сот-психологиялық және психиатриялық сараптама жүргізу үшін арнайы медициналық мекемеге орналастырылған. Қажет болған жағдайда оны Алматыдағы Сот сараптамалары институтына жіберу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Қазіргі таңда оның әрекеттеріне құқықтық баға берілмеген, бұлтартпау шарасы да таңдалмаған.

Атырау облысының прокуратурасы хабарлағандай, іс бойынша түпкілікті құқықтық баға сараптама нәтижелері алынғаннан кейін беріледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің көлемі мен тағайындалған сараптамалардың қорытындыларына байланысты болады.