Бүгін, 09:20
Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды
Атырау маңында жоғалып кеткен Жангелдин ауылының тұрғындарына қатысты қайғылы оқиғаға байланысты жаңа деректер белгілі болды.
Іздестіру барысында отбасының тағы екі мүшесі — Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылды. Осылайша аталған отбасының барлық мүшелерінің денесі анықталған.
Дереккөздердің мәліметінше, олар да қаза тауып, Геолог ықшамауданында орналасқан үйдің ауласына жасырын көмілген. Бұл үйді күдікті бұрын әйелімен бірге уақытша жалдап тұрғаны айтылып отыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, аталған қылмысқа Сұлтан Сәрсемалиев күдікті ретінде қарастырылып жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасты.