Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:40, 30 Сәуір 2025

Атыраудағы атақты компанияның менеджері өлі табылды

Менеджер
Фото: ашық дереккөз

29 сәуір күні Атыраудағы элиталы тұрғын үй кешенінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның мәйіті табылды.

Кешенде күзет пен бейнебақылау жүйесі болғанына қарамастан, қылмыскер ғимаратқа кіріп, қылмыс жасаған.

Полиция бұл факт бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғады. Алайда тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді жарияламады.

Кейін қайтыс болған әйелдің аты-жөні белгілі болды — ол NCOC компаниясының менеджері, мұнай-газ саласының жетекші мамандарының бірі Бибігүл Шпанова болып шықты. Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мәліметінше, оның денесінде пышақ жарақаттары болған, ал пәтердегі сейф бұзылған. Қылмыстың басты себебі – қарақшылық болуы мүмкін деген болжам бар.

Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүргізілетініне күмән келтіріп, құқық қорғаушыларға жүгінді. Адам құқықтары жөніндегі комитет істің ашық тергелуін, сондай-ақ оның кәсіби қызметі ескерілетінін талап етті.

Полиция 37 жастағы ер адамды күдікті ретінде ұстады. Тінту барысында айғақтар табылып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: