Бүгін, 10:15
Атыраудағы «Дина базары» өртенді
Атырауда таңертең «Дина» базарында ірі өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт контейнер үлгісіндегі бутиктерді шарпып, онда киім-кешек сатылған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жалын ашық түрде таралып, оттың көрші сауда нүктелеріне өту қаупі болған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның кеңеюіне жол берілмеді. Өрт шамамен 500 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.