Бүгін, 18:10
Атыраудағы отбасы өліміне кінәлі күдіктілердің фотосуреттері тарады
Атырауда тұтас бір отбасының өліміне байланысты күдіктілердің Индонезияда ұсталған фотолары әлеуметтік желілерде тарады.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер – 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев және Ақбаян Мұқанғалиева. Екеуі де жұмыссыз болған, ал әйел декреттік демалыста жүргені хабарланды.
Индонезияның құқық қорғау органдарының дерегінше, күдіктілер 2025 жылғы 14 желтоқсанда Куала-Лумпурдан ұшып, Бали арқылы елге кірген. Кейін олар ұсталғанға дейін Ломбок аралында тұрған.
Күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі еліміздің ресми өтінішінен кейін қаралады.