Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:35

Атыраудағы жұмбақ өлім: полиция күдіктінің қайда екенін мәлімдеді

Сұлтан Сәрсемәлиев
Фото: qamqor.gov.kz

Полицияның хабарлауынша, атыраулық отбасының өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайы Ақбаянмен бірге Қазақстан шекарасы арқылы Өзбекстанға өткен.

Қазіргі уақытта тиісті халықаралық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктіні жақын арада ұстау жоспарланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздестіріліп жатыр. Ал негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық «қызыл деңгейдегі» іздеу тізіміне енгізілген. Бұл оның қай елде жүрсе де, шекарадан өтуге, әуе немесе теміржол көлігімен қатынауға немесе көпшілік орындарда көрінуге тырысқан жағдайда бірден ұсталуы тиіс дегенді білдіреді.

Сонымен қатар полиция өкілдері Ақбаянның денсаулығында кінәрат барын растады. Алайда оны әрекетке қабілетсіз деп тану жөнінде сот шешімі шықпаған және оған бірінші топтағы мүгедектік те ресми түрде тағайындалмаған.