14:11, 15 Қаңтар 2024
Атыраулық зейнеткер өзін-өзі өртеп жіберді
Атырау облысында зейнеткер өзін өртеп жіберді, оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы белгісіз, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына Доссор кенті Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылғы аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша оның 70 пайыз денесін күйік шалғаны анықталып, облыстық ауруханаға жеткізілді» - делінген хабарламада.
Бейресми мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.