Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:27, 03 Қараша 2023

Атышулы «Оператор РОП»: Экс-құрылтайшы 920 млн теңгені қайтарды

сы
Фото: из открытых источников

«Оператор РОП» ісі бойынша айыпталған Шынар Мұқтарова өзіне жүктелген барлық заңсыз иемденген қаржыны қазынаға қайтарды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұған дейін ол кінәні мойынбау туралы мәміле түрінде іс жүргізуге келісім сұраған. Бірақ прокурор келісім бермеген. 

"Алдымен зиянды өтеуіміз керек деп айтылды. Біз бұл залалды тек Мұқтарованың мүддесі үшін ғана емес, сонымен қатар Коротенконың қарызын да өтедік. Оны Мұқтарованың қызы өтеді. Залалдың өтелуіне байланысты біз мәміле жасау туралы қайта өтініш білдіреміз", – деді оның адвокаты.

Мұқтарова «Жасыл Даму» АҚ және «Оператор РОП» ұйымына 920 млн теңге шығын келтірілген азамат дивидент түрінде негізсіз алған қаражатты толық өтеді.

«Оператор РОП» ЖШС қаржысын жымқырғаны үшін 4 адам бас бостандығынан айырылды. Олар бір жылдан 7 жылға дейін сотталды. Ал Ш.Мұқтарованың соты жалғасып жатыр. Келесі сот отырысы 6 қарашаға белгіленді.

Еске салсақ, аталған азаматшаға халықаралық іздеу салынып, шілде айында Бірікке Араб Әмірліктерінде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған болатын.