Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:44, 24 Шілде 2022

Аттракциондарды абайлап қолдану керек

None
None

Балалар жазғы демалысқа шығысымен ата-аналары оларды барынша ойдағыдай демалдыруға күш салады.

Алайда демалыстың қызықты өтуімен қатар, қауіпсіз болуы да маңызды. Осы орайда балалардың жазғы демалысының барынша қауіпсіз болуы үшін еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қашан да алаңдап, төтенше жағдайдың алдын алу үшін демалмастан қызмет етеді.

Дегенмен статистика балалардың демалысының әрқашан ойдағыдай бола бермейтінін, суда шомылумен қатар жазғы ойын алаңдарында да балаларға төнер қауіп көп екенін аңғартады. Төтеншелік мамандар да аттракционды қолданудың да өзіндік ережесі бар екенін ескерткеніне қарамастан, сақтық ережелеріне құлақ аспаудың соңы қайғылы оқиғаларға ұласып жатады. Жаз келсе жаппай қолданыла бастайтын аттракциондардың қолданысқа дайындығын тексеретін арнайы құзырлы орындар бар. Ал оның одан арғы қолданыс ережелерін балалар да сақтауы керек. Жаз келсе барлық баланың жазғы ойын алаңдарына асығатынын ескере отырып, дәл қазіргі кезеңде төтенше жағдайлар саласының мамандары республика бойынша аттракциондар мен батуттардан келетін қауіптің алдын алу мақсатында арнайы рейдтік шаралар жүргізіп, балаларға түсіндіру жұмыстарын да ұйымдастыруда.

Атап өтер жайт, жыл сайын аттракциондардың ескі құралдарын жаңалап, қажет болса талапқа сай еместерін пайдалануға бермеу мәселесін арнайы қадағалап отыратын құзырлы орындар бар. Дегенмен  елімізде аттракциондық техникалар шы­ғарумен айналысатын кәсіпорындардың жоқтығы мате­риал­дық-техникалық базаны жа­ңалауға қолбайлау болатыны рас. Бірақ бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сылтау болмауы тиіс. Сондықтан жаз келісімен аттракциондардың жазға дайындығын, дұрыс қолданылуын үнемі қадағалап отыру керек. Биыл да еліміздің бірнеше өңірінде аттракционды дұрыс қолданбау салдарынан қайғылы оқиғалар орын алды. Мәселен жақында ғана Атырау қаласында әуеде «асылып» қалған аттракционнан бірнеше бала төмен құлап кеткен. Оның мұндай оқыс «қылығына» атрракционның техникалық жағдайы себеп болған көрінеді. Бүгінде бұл мәселе құқық қорғау орындарының назарына ілігіп, іс қозғалуда. Балалар шұғыл медициналық көмек көрсетілу үшін ауруханаға жеткізілген.

Статистикаға сенсек, жазғы ойын алаңдарындағы құралдардан жыл сайын қаншама бала жарақат алып, қаза болып жататын көрінеді. Сондықтан аттракциондар мен ойын-сауық жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін басшылыққа ала отырып, пайдалану қажет екен. Осы орайда төтеншелік мамандар 2014 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, соның ішінде Қазақстанда тиісті нормативті — құқықтық актілердің болмауынан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, жарақат санының көбеюіне, сонымен қатар аттракцион иелерінің қызметіне жауапсыз қарауына алаңдаулы болып келген еді. 2014 жылдың 29 мамырында Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 52-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті әзірленген. Бұл аттракциондар қауіпсіздігінің талаптарының күшеюіне және жарақаттардың азаюына ықпал еткен. Бірақ балаларымыздың бақытты күлкісі үшін олар жиі қолданатын аттракциондарда үнемі қауіпсіздік ережесінің сақталуын бақылаудың маңызы зор.

Осы орайда төтеншелік мамандар бүгінгі күні өз тараптарынан қауіптің алдын алу үшін батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізіп, қауіпсіздіктің сақталуы үшін жұмыс істеуде.

Балаларымыздың көкейінде ойын алаңдары қауіпті мекен ретінде сақталып қалмасы үшін дәл қазіргі таңда республика бойынша жүргізіліп жатқан рейдтердің маңызы зор!

Тегтер: