Аты мықты ауданның азаматтары неге жауапсыз?

05.05.2020, 12:31

3

Түркістан облысы әкімдігінің назарына!

Төрткіл дүние жұрты тәжтажалмен күресіп жатқанда Түркістанды тілге тиекеткені несі дерсіз? Бірақ мәселе тікелей осы індеттің кесірінен ушығып тұр.Қысқасы, Түркістанда жаңадан салынған «Отырар» ықшамауданы тұрғындарының біріненвирус жұқтырушы шығып, 10 күннен бері екі үйдің бір кіреберісін сыртынан«шегелеп» кеткен. Міне, осы үйдің (#20 үйдің бір подьезі)  36 пәтерінің тұрғындары бір тамшы сусызқаталап, қала берді, әжетханаға да бара алмай отыр.

Халық шөлдеп отыр

«Бақсақ, бақа екен» демекші,проблема вируста емес, тұрғындар зар болған суда. Бұл карантиннен әлдеқайдабұрын басталған мәселеге ұқсайды. Қаладағы №6 мектептің мұғалімі ЖазираНұрмаханованың аталған ықшамауданда тұрғанына екі жыл болған. Келгеліпроблемадан көз ашпаған.

Жазира Нұрмаханова, «Отырар» ықшамауданының тұрғыны:

 –ПИК (пәтер иелерініңкооперативі) басшысынан жауап ала алмай жүргенімізге көп болды. Суға жауаптымекемеге хабарласқанымызда, бір сантехник жіберген болды, ол келіп бір шұқылапкетті. Бірақ мәселе шешілген жоқ, сосын, екінші мәрте қоңырау шалып едік, «3-4айдан бері айлық алмадық, маған не дейсіңдер?» деп, өзімізге  тап берді. Ал Әлиакбар Сыдықов деген ПИКбасшысы телефон тұтқасын мүлдем көтермейді. Біз қазір ауызсу тасу былай тұрсын,әжетханаға шыға алмай, әкелген суымыздың бәрін, ашығын айтқанда әжетіміздіағызуға құртып бітіреміз. Су арасында ғана сылдырап ағып, үшінші қабатқа дейін ғана көтеріледі, ал төртінші қабаттанжоғарыдағылар су көрмейді деуге болады. Өзіміз ауызсуға зар болыпотырғанымызда, аяқастынан үйімізден ауру шықты да, сыртқы есігімізді мықтапбекітіп тастады. Карантин қойылғалы он күн, ал судың біржолата жоғалғанына бірай болды.

Бастық неге басынады?

Ауданға жауапты сантехник әріэлектрик Қыдырбай 60 мың теңге жалақы түгіл, 60 тиын да ала алмаған соңжұмыстан шығып кеткен. Ал бастықтары ешқашан телефонын көтермейді. Расында,солай екен, телефонын теріп едік, автомат «абонент байланыс аясынан тыс жерде»деп жауап берді. Сонда тұрғындардың телефонына жауап бермейтін жауапсыз мамандынеге ешкім жауапқа тартпайды?

Ал Түркістан қаласы әкімінің аппаратытоғыз қабатты екі үй Қазақстан ипотекалық компаниясына қарайтынын айтады. Соғанқарамастан, қала әкімдігіне қарасты «Түркістан су» МКК қызметкерлері тексерісжұмыстарын жүргізіп, шағымдар бойынша жұмыс істеп отырады екен. Бұл үйде суайдағыш құрал ток көзі арқылы жұмыс істегендіктен, жарық сөнгенде су датоқтайды. Осыған байланысты әуе электр желісін жерасты желісіне ауыстыруқажеттілігі бойынша шешімдер қабылдануда. Яғни шешім нақты қабылданбаған, әліқабылдануда. Ал тұрғындар ай сайын Қазақстан ипотекалық банкіне  және осы коммуналдық қызметтер үшін бір күнкешіктірмей ақша төлеп отыр. Бір бөлмелі пәтерге 30 мың теңгенің үстінде, екібөлмеліге 48 мың теңгедей, үш бөлмеге 60 мыңның үстінде. Түркістан үшін бұлкәдімгі бір айлық жалақы. Қалтаға айтарлықтай салмақ. Осынша ақшаны бейшаратұрғындар бақандай 20 жыл төлейді. Және кіргені кеше, бірақ қазірдің өзіндеосындай мәселе туындап тұрса, 20 жылда ол үй қандай күйге түспек? Суы жоқ,жарығы жел тұрса, жаңбыр сіркіресе, жалп етіп сөніп қалатыны тағы бар. Ол өзалдына бөлек әңгіме. Амал жоқ, қарызға алған соң, қалтасынан шырқырап тұрыптөлеп отырған соң, халық кете алмай отыр.

Үш жылда үш-ақ сағат істеген лифт

Негізі, бұл ықшамауданныңсалынып бітіп, пайдалануға берілгеніне үш жыл болған. Былайша айтқанда, әлі сужаңа үй. Бірақ инфрақұрылымына келгенде жаңа деп айту қиын. Тұрғындар ұзақкүткен Түркістандағы осы екі жасыл үй КИК арқылы берілгендіктен, ПИК Шымкенткеқарайды-мыс. Ал ол мекеме мүлдем жұмыс істемейді деуге болады. Себебі жалғыз суемес, үйдің шешілмеген мәселесі шаш етектен. Солардың ішінде тұрғындарға қаттыбілініп отырғаны – лифт. Басында келісімшартқа қол қоярда «қосамыз, 100 пайыз істейді»деген лифтіні жұртшылық жаңа үйге көшіп кіргеннен кейін алты ай күткен. Сосын,тағы жарты жылдай «әне-міне» деп жүріп, бір жыл дегенде әрең қосқан. Бірақ қосқанықұрысын, жұрт қуанып та үлгермей, үш сағат өтер-өтпестен әлгі жеделсаты құрғырыбұзылып, бір әйел бала-шағасымен ішінде қалып қойған. Соларды әрең шығарып алғансоң, сонымен бітті. Не оны жөндеген адам жоқ, не басқа да амалын қарастырған басшылықжоқ. Сол күйі жапқан да кеткен, лифт жөндеуші маманды содан кейін ешкімкөрмеген. Жұрт хабарласса, «мен Шымкентте тұрамын, бара алмаймын» деп, тұтқанытастай салады екен.

Сонда облыс орталығы Түркістаннанбір маман табылмағаны ма? Түсініксіз. Неге бастық емес, сонау Шымкентте тұратынқарапайым лифт жөндеуші Түркістандағы үйге жауап береді? Жауап берсе бір сәріғой, әлгіндей тұтқаны көтеруге де ерінетін ондай маманды кім, не үшін ұстапотыр?

Тобықтай түйін: «Түркістан облыс орталығы болды» дегенде, қала халқыбылай тұрсын, бүкіл ел қуанды. Себебі түркі жұртына ортақ тұлғалар,  қазақ билері мен батырларының сүйегі жатқанкиелі топырақтың тамырына қан жүгіреді деп сенді. Әрине, қан жүгіруін жүгірді. Қаланыкөркейтуге оның ғұмыр тарихында бөлінбеген қаражат пен көңіл бөлініп жатыр.Небір зәулім ғимараттар салынып, күні-түні толассыз жұмыс істеуде. Бірақ,өкінішке қарай, қарапайым халықтың күнделікті кешіп жатқан жағдайын көргенде,салынып жатқан құрылыстардың сапасына күмәнданып қалады екенсің. Бәлкім, қалаемес, одан бұрын адамдарының санасын «салу» керек пе еді дейсің. Халықтың нанынемес, қамын жейтін мекеме басшыларын сайлап алу керек пе еді дейсің.

Мейлі, бәрін қоя тұрайықшы, Түркістан төріндегі «Отырар»жұрты қашан және қайткенде шөлін қандырып, тоғызыншы қабаттағы пәтерлеріне ХХІғасыр азаматтарынша кірер екен?!

Мариям МАРАТҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 13:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34