«Атымды айтпаймын, датымды айтамын»

«Жас Алаш»газетінің 4 шілде күнгі (№62) санында«Плагиат ғылымды тонау ма, әлде қорлау ма?
» деген мақала жарық көрді. Сараптамалықматериалды оқыған Астана қаласында тұратын академик ақсақал қоңырау шалып,мақала тақырыбына арқау болған ғылым саласындағы плагиат жайында өз ойын ортаға салды. Алайда ағамыз аты менатағынан ат үркетініне қарамастан, өзінің аты-жөнін және өзі шұғылданатын ғылымсаласын атамауды өтініп, ол үшін ағынан жарылып кешірім сұрады. Ізетті кейіпкерімізденесімін құпия ұстаудағы себебін сұрағанымызда: «Беделді қызметтерде істейтін балаларыма кесірім тиіп кете ме деп қауіптенемін», – дегенді алға тартты. Қаншалықтыөкінішті болғанымен, кемел жастағы ақсақалдың бұлайша сақтануының жөні бар екенін мойындауғамәжбүрміз. Қоғамымызды жайлап тұрғантаныс-тамырлық, елдестік пен жерлестік, жеңұшынан жалғасқан сыбайластық пенжемқорлық сияқты ұлтты аздыратын әдеттер түп-тамырымен жойылмайынша, еліміздіңкөсегесі көгермейтіні анық.
Қош делік,ақыры оқымысты өзі іздеп, қоңырау шалғансоң, біз де шегінбеске бейіл таныттық. Сондағыағамыздың айтқан уәжі мынадай: «Тараз қаласында тұратын қарт академик құрбым маған хабарласып, сіздіңсараптамалық мақалаңызды оқыған соң, жүрек толғанысына түскенін айтып, менің деқарап шығуымды өтінді. Астанада мекендеп жатқан маған «Жас Алаштың» сол санынберіп жіберді. Шынтуайтына келгенде, мақала үлкен ой салды, ертеңгі қазақ ғылымықұрдымға кете ме деген уайымға ендім. Тақырып арқауына айналған плагиаттың қаупі мен зардабы жайындағы шындықбұрыннан тұмшаланып келді. Мемлекеттіабыройдан айыратын осы індетпен күресті БАҚ өкілдері бүкпесіз айтып, жариялауыкерек. Негізі, плагиат – параның басы. Оңайжолмен абыройға кенеліп жүргендер ғылымды қорлауда. Көрнекті ғалымдардыңеңбегін «көшірушілерді» заң аясында жазалау қажет. Халық санасына осыны мықтап сіңіру керек. Бізде плагиатқа баратындарға қандай шарақолданатыны ешбір құқықтық актіде, тайғатаңба салғандай көрсетілмеген. «Авторлық құқық туралы» заңда жанамалай жазылған. Қазір ең алдымен «Білім туралы»заңды түбірімен жетілдіру керек. Оған плагиат туралы арнайы бап енгізген жөн. Бұл мәселегебайланысты ғылым саласындағы белгілі тұлғалардыңайтар ойы мен көптен көкейге түйіп жүрген пайымдары бар. Осы жайтты ескергенләзім.
Түптепкелгенде, плагиаттан арылтуда білім және ғылым министрлігінің рөлі маңызды.Бірақ іс жүзінде олай емес екенін көріп отырмыз. Докторлық диссертациясын жиендік жолмен жазған Жақыпова былтыр вице-министрліктен жылыстағанымен, «көкесінің демеуімен» жылы орынға қонжиды. Оның докторлық диссертациясына Ресейдесараптама жасалған соң, әккі әрекеті әшкере болды. Алайда біздегілер Жақыповаханымды ғылыми атағынан айырды ма?Айырмаса, неге олай деген мәселе алдыңғы буын ғалымдарды әлі күнге дейін алаңдатып отыр. Қазіргі білім және ғылымминистрі Асхат Аймағанбетовтің Әлихан Бөкейханов жайындағы мақаласын оқыдым. Жіліктеп айтар ойым бар. Плагиатдауына іліккен министр мырзаның еңбегін кімдер сарапқа салып қарап жатқаны белгісіз.Әліптің арты не болары әзірге беймәлім. Меніңмұраттастарым да жұмбақ жайттың жасырын қалмай, жұртқа жария болуын күтеді».
Атын жасырғанакадемиктің айтқаны осы. Ал аптасоңында Отанымыздың талантты жас ғалымдары сенсациялық хабарлама жариялады. Білімжәне ғылым министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин фейсбуктегі парақшасында аталған министрліктің назарынажолдаған бірқатар ұсыныстары шешілмегенінтілге тиек етіп, кеңес құрамынан шығатынын мәлімдеді. Артынша оның шешімін біртоп мұраттастары қолдап, пікір жазған. Еліміздің білім және ғылым министрлігіжастар сенімінен шығып қалса, Отанымыздың интеллектуалдық болашағы кімгебарып жұбаныш таппақ?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Қарағанды қаласы