Атырау көшелері үлкейтіліп жатыр

27.03.2019, 18:14

3

Атырау қаласында көшелерді жөндеу және ұлғайту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл мұнайлы шаһардың  Мәденов, С.Датұлы, Құрманғазы, Бейбарыс, Р.Ғабдиев, Азаттық, Амандосов, Ғұмаров, Әуезов, Уәлиханов және Гагарин көшелері кеңейтілмек. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат НҰРТАЕВТЫҢ айтуынша, өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар 2062 шақырым жолдың 948,4 шақырымы қанағаттанарлықсыз күйде. Оның 60 шақырымын осы жылы жөндеу жоспарланған.Айта кетейік, қала жолдарының қолға алынғанына бірнеше жыл болды. Былтыр, негізінен, қала маңындағы Жұлдыз, Көк-Арна, Дамба, Бірлік, Талғайран, Мұнайшы, Жаңаталап, Еркінқала, Геолог сынды елді мекендердің жалпы ұзақтығы 200,9 шақырым құрайтын үш жүзге жуық көшесіне асфальт төселген.-Бұл көшелерді асфальттау жұмыстары жалғаса бермек. Сондай-ақ, жалпы ұзақтығы 99,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге асфальт төсеу жоспарланған, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Шәкір КЕЙКИН.Бұдан бөлек, қала маңындағы ауылдық жерлердің әкімдердің өтінішін ескере отырып, тағы да 71,2 шақырымды құрайтын 141 көшеге жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр екен.Дегенмен, осындай көлемді іс-шараны жүзеге асу барысында кейбір кедергілер де орын алды. Мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған «Атырауземстрой» ЖШС мойнына алған екі жүз шақырымнан астам жаяу жүргіншілер жолын соңына дейін салмастан, тастап кетті. Бұл жөнінде соңғы есеп беру жиынында баяндаған қала әкімі Әлимұхамед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ аталған мекемені сотқа беріп, соттың оны жосықсыз мердігер деп танығанын, орын алған қателіктің қайтып қайталанбайтынын айтқан болатын.Қала билігі тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қозғалысына қолайлы болуы үшін көшелерді үлкейтудің барлық мүмкіндіктерін қарастыруда. Осы орайда, кей кәсіпкерлер тарапынан бизнес-нысандарын ұлғайтуға жағдай жоқтығынан наразылық білдіргендер де кездескен-ді. Себебі, олардың көздеген жерлеріне гүлзарлар орнату, отырғыштар қою, басқа да жұмыстар жоспарланған болатын. Осы орайда, былтыр «Авангард» ықшамауданындағы көпшілік тәу ететін Ахмет атаның бейіті де «Ноғай» бейітіне көшіріліп, қайта жерленгені бар.Фото автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04