Атырау облысы: Чапаевтың орнына Жамбыл келді

05.02.2019, 01:58

6

Атырау облысында бірқатар білім және мәдениет мекемелерінің атаулары өзгерді. Атап айтқанда, Исатай ауданында мектеп пен мәдениет үйінің атауы ауысты. Бұрын Чапаевтың атын иеленген мектеп енді ақын Жамбылдың есімімен аталады. Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйі Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі деп аталмақ. Көрнекті қоғам қайраткері, өнер майталманы 1968 жылы Аққыстау мәдениет үйінің басшысы және аудандық халық театрының көркемдік жетекшісі, 2000 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейін басқарып, оның дамуына үлкен үлес қосқан.Махамбет ауданындағы Чкалов атындағы орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ал Индер ауданындағы Гребенщик орта мектебі Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп болып өзгертілген.Сондай-ақ, үкімет қаулысымен Атырау аграрлы-техникалық колледжіне Оңайбай Көшековтің есімі берілді. Мемлекет қайраткері Оңайбай Көшеков Кеңес кезінде Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ол облысты басқарған кезде Теңіз кен орны ашылып, Атырау-Ганюшкино жолы салынды, Атырау-Мақат-Құлсары, Индер-Сағыз-Миялы жолдары, Мақат-Индер темір жолы салынып, аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыды.Коллаж: zhasalash.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16