15:02, 11 Қаңтар 2021
Атырау облысы қызыл аймаққа енді
Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл" аймаққа кірді, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, Атырау облысы "қызыл" аймаққа кірді. Сондай-ақ, бұл аймақта тағы Ақмола облысы бар.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары бар.
Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.