07:53, 06 Ақпан 2023
Атырау облысында тұрғын Facebook-тегі жазба үшін сотқа жүгінді
Facebook қолданушыларының бірі парақшасында Атырау облысы тұрғынына қатысты жалған ақпарат таратқан жазба жариялаған.
Бұл іс сотқа жеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Бұл іс Қызылқоға аудандық сотында қаралған. Facebook қолданушысы парақшасында қызды көпшілік алдында құрметтемеген, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған, сондай-ақ, жалған ақпарат таратқан хабарлама жариялағаны анықталған.
Жазба авторына ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша айып тағылған. Алайда тараптар сот залынан тыс келіссөз жүргізіп, татуласуға келіскен.
Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылған.