Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:15, 19 Желтоқсан 2022

Атырау облысының 67 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды

None
None

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр аулының 67 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, — деп хабарлайды Жас Алаш  «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қызылқоға аудандық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны осы жылдар бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, оның тіпті кеңес заманындағы төлқұжаты да болмағанын анықтаған.

Әйел ешқайда шықпай, ауылдың шеткі жағында ұзақ жылдар бойы мал бағумен айналысады. Ол полицияға құжат аса қажет болмағанын, сондай-ақ зейнетақы алуға өтініш білдірмегенін айтты.

Полицейлер заңға сәйкес құжаттардың тиісті тізбесін жинап, рәсімдеп, әйелге Қазақстан азаматының жеке куәлігін беріп, табыстады.

Тегтер: