Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Шәкір Кейкин Атырауға әкім болып тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Облыс әкімі Шәкір Кейкиннің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен мемлекеттік басқару саласында үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Шәпкенов сессия қорытындысы бойынша Атырауды дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Шәкір Кейкин 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласындағы «Теңізмұнайкомплект» ЖШС коммерциялық бөлімінде брокер болып бастады, 1999 жылға дейін түрлі қызметтерді атқарды;
06.1999 — 01.2001 — «RAMAKO» ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары;
01.2001 — 02.2008 — «Казстройсервис ЛТД» ЖШС директоры;
02.2008 — 10.2008 — Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;
10.2008 — 07.2009 — Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;
07.2009 — 10.2018 — Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;
10.2018 — 02.2019 — қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
02.2019 — 09.2019 — Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
09.2019 — 03.2022 — Мақат ауданының әкімі;
03.2023 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарды.