Атырау тұрғын үй құрылысы бойынша рекорд орнатты

01.09.2018, 22:05

6

Биылғы 2018 жылдың маусым айындағы есеп бойынша, Атырау қаласында 332 мыңнан астам адам тұрады екен. Жыл басынан бергі бес айдың ішінде ғана 4029 сәби дүние есігін ашқан. Ал өмірден өткендер саны мыңды маңайлайды. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің есебінше, 2018 жылы былтырмен салыстырғанда қала халқының саны 1,4 пайызға өскен.Ресми статистика осылай дегенмен, Атырауда тұратындар саны бұдан әлдеқайда артық екені рас. Өнеркәсіп, соның ішінде, мұнай-газ өндірісі болғандықтан осы шаһардан кәсібін тапқандар көп. Олардың ішінде өз еліміздің азаматтары да, шетелдіктер де бар. Осы жылы ТМД елдерінен келіп жұмыс істеп жатқандар саны алпыс мыңға жуықтапты.Табиғи өсімнің артуы мен қалаға ауыл-аудандардан қоныс аударатын тұрғындардың көбеюі баспанаға деген үлкен қажеттілікті туғызып тұр. Осы орайда, аймақта халықты тұрғын үймен қамтуды көздеген түрлі деңгейдегі бағдарламалар қарқын алуда. Дерекке сүйенсек, 2017 жылы Атырау облысында 36 тұрғын үй, 1977 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы жасалған.Жобаланған тұрғын үйлер санының артуына “Нұрлы жер” бағдарламасы да ықпал етіп отыр, қазір оған көпшіліктің  қызығушылық таныта бастағаны аңғарылады.Мәселен, тұрғын үй құнының қажет 30%-ын жинағасын бастапқы төлемді жасап, «Нұрсая» ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алған Гүлзия ОМАРОВА “Нұрлы жер” бағдарламасы туралы алғаш рет әлеуметтік желіден білген.-Кейін оқып таныса келе талаптары көңілімнен шықты, ай сайын үй құнының он пайызын ғана төлеймін, қалғанын мемлекет төлейді. Банкке комиссия төлемдері де жоқ, құжаттар оңай, тез ресімделді. Бұрын пәтерге қол жеткізу алыс арман секілді көрінетін, қазір оған қол жеткізуге болатынын біліп отырмын, — дейді Гүлзия.Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұрсая» және «Береке» аудандарында 21 тұрғын үй, Талғайран тұрғын ауданында 80 жеке меншік үй салынбақ. Олардың ауданы 64–191 шаршы метр, үйлері бір және екі қабатты. Бір шаршы метрдің тұрғын үй бағасы  – 120 000 теңге. «Нұрлы Жер» бағдарламасының қатысушысы болу үшін және тұрғын үйді сатып алу үшін 20% бастапқы жарна жеткілікті. Егер бір бөлмелі пәтердің құны 7 миллион теңге болса, депозитке 1,4 миллион теңге жинау керек. Содан кейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» жеңілдетілген несиені 5% жылдық мөлшерінде береді.«Береке» ықшам ауданындағы осы бағдарлама аясында салынған 195 пәтерлі төрт тұрғын үй жақында Астана күнінің қарсаңында пайдалануға берілді. Болашақта бұл ықшамаудан кеңейтіліп, тұрғын үйлермен қатар 1200 орындық мектебі, 290 орындық екі балабақшасы қоса бой көтереді.Ал Клара ЖҰМАШЕВА әлеуметтік аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттен пәтер алу кезегіне тұрған. Аймақта салынып жатқан коммуналдық және жалға берілетін тұрғын үйлердің бірінен пәтер алған кезде қуаныштан төбесі көкке жеткендей болады.-Жылдар бойы үй жалдап, қиналып жүргенбіз. Туған-туысымызды шақырып, қонақ жайлап, өз үйіміздің төрінде көсіліп жатқанға ештеңе жетпейтінін түсіндік, — дейді К.Жұмашева.“Нұрлы жер” ипотекалық несиелеу бағдарламасынан бөлек өңірде мемлекет басшысы ұсынған “7-20-25” бағдарламасы бойынша да пәтерлер берілмек. Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстарды Ұлттық банк шілде айында бастады, бүгінгі күні Атырау облысында 10 отбасы пəтерге ие болып, 16 үміткер оң шешім алды.-Алдымен сіз пəтерді, ауданын таңдайсыз, содан соң құрылыс салушымен алдын ала шарт рәсімдейсіз. Содан кейін шартты банкке апарасыз, ол жерде құжаттар төрт күн қаралады. Мақұлдағаннан кейін нотариусқа барасыз. Құжаттармен барлық жұмысқа төрт-бес күніңіз кетеді,- деп түсіндіреді “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұрсая» ықшамауданынан пəтер алған Ербол ЕСЕНҒАРИН.Ұлттық банктің Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Серік ОМАРОВТЫҢ айтуынша, осы бағдарлама аясында екінші деңгейдегі жеті банк жұмыс істейді. Олар: «Центр Кредит банкі», «Еуразиялық банк», «АТФ», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Халық банкі», «РБК» банкі және «Цеснабанк».Елдегі әрбір тұрғынның «өз үйі, өлең төсегі» болуына атқарушы биліктен бөлек, түрлі бизнес құрылымдар мен қаржы мекемелері да қызығушылық танытып, үлес қосып, атсалысып отырғаны қуантады. Осы мақсатта Атырау облысының басшылығы бірқатар келісім-шарттарға келісім беріп отыр. Жақында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат ИБРАГИМОВА және «Атырау» ӘКК басшысы Марат ТҮСІПҚАЛИЕВ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, 297 пәтерге арналған 4 нысан салынып, 2019 жылы тапсырылатын болады. Бұл бастама облыстың екі мыңға жуық тұрғынына өз үйлерін арзан бағамен сатып алуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, алматылық екі құрылыс компаниясы да Атырау қаласында жаңа тұрғын үй салу туралы облыстық әкімдікпен келісім-шартқа отырды. Олар ескі үйлерді бұзып, орнына жаңаларын тұрғызбақ. Бұдан басқа, жасалған меморандумдар аясында «Нұрсая» ықшам ауданында жүз пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы тұрғызылады.2018 жылы Атырау облысында 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, биыл 34 үй пайдалануға берілмек. Бұлардың ішінен облыс орталығында 39 үй салынады, қалғаны аудандарға тиесілі. Біле білгенге, бұл — тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші және тәуелсіздік жылдары бойына есептегенде, ең үлкен көлем болып табылады екен. 2020 жылға дейін 40 мыңға жуық, яғни 4,8 млн.текше метр көлеміндегі тұрғын жайды тапсыру көзделген, олардың үштен бірі аудандық жерлерден салынбақ.Атырау қалалық әкімдігі берген ақпарат бойынша, қазіргі таңда 20 мыңға жуық  адам үй кезегінде тұр, тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін таппақ.Фото: mgorod.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16