Атырау жаңа жыл шығынын шектей бастады

28.12.2018, 05:07

8

Атырауда биылғы жаңа жылды қарсы алу мерекесіне аздаған өзгерістер бар. Біріншіден, жаңа жылдық мереке жылдағыдай Исатай-Махамбет алаңында өтпейді. Ол жерде жөндеу жұмысы жүріп жатқандықтан, қала тұрғындары мен қонақтар Жаңа жылды «ақ үй» аталып кеткен облыстық әкімдіктің алдындағы Бейбарыс сұлтан алаңында қарсы алады. Екіншісі, биыл жылдағыдан азырақ қаражат беріліп отыр. Салыстырмалы тұрғыда, биылғы бөлінген 50 млн. теңге де аз ақша емес, дегенмен, жалпы жұрт бұған да шүкір деген сыңай білдіруде. Өйткені, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанжа анағұрлым аз қаржы.Бұл қыруар қаржыға не істеледі? Алаңға «2019» деген «символы бар көлемді сандар мен кіші архитектуралық нысандар» орнатылған. Бұдан бөлек қаланы абаттандыру бағдарламасының аясында Жайықтың алаң тұсындағы жағалауына түнде жарық беріп тұратын аркалар орнатылып, орталық Сәтпаев көшесінің бойындағы ағаштар жарықпен безендірілуде. Үшінші ерекшелік, атыраулықтар доңыз жылын былтыр сатып алған шыршамен қарсы алмақ. Дәл осы басты алаңға орнатылатын шырша жыл сайын сынның астында қалып жататын. Жылда жаңартылатын шыршалардың құны да, сыртқы келбеті де сынға ұшырап, әлдебір атауларға ие болып жатушы еді. Мәселен, былтырдан бастап тігілген бұл шырша «погонды» деп аталады. Жалпы, қазір шаһар бойынша барлығы алты шырша орнатылып жатыр, оған жергілікті бюджеттен 11,6 млн. теңге бөлінген.Қалай болғанда да, жақында тағайындалған Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының бұл жағынан үнемшілдігі көзге түседі. Салыстыру үшін айтсақ, 2016 жылы жаңажылдық безендіруге қалалық бюджеттен 59 млн. теңге, 2018 жылы – 89 млн. теңге бөлінген болатын. Өткен жылғы мол қаражатқа көптің наразы болғаны сонша, сол кездегі қала әкімі Серік Шәпкенов БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізген. «Басқа Астана, Алматы сияқты қалаларға барсаң, шыршасы керемет болып тұрады, біздікі де дәрежемізге сай болуы керек», деген Серік Жамбылұлының уәжін «погон таққан» шыршаның «Қазақстанның батысындағы ең әдемі шырша» деген марапатқа ие болуы ғана ақтағандай еді. Қазір алаңда «батыс аймақтың аруы» құрылып тұр. Расымен де, жылына бір рет құрылатын шыршаны жыл сайын ауыстыруға қажеттілік бар ма еді?!Жыл соңындағы тағы бір жаңалық Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекетке қатысты. Айта кетейік, биыл шілде айында ол Атырау қаласының басшылығына ауысқан Әлимұхаммед Құттымұратұлының орнына барған болатын. Әкім тағындағы алғашқы жаңа жылында ол «корпоративтен» бас тартып, аудандағы алпыс жетім баланың әрқайсынына жүз мың теңгеден ақша салып қоюға шақырып отыр. Бұл бастаманы бизнес өкілдері қолдап отыр екен. — Балалар бұл қаражатты кәмелет жасына толғаннан кейін ала алады. келесі жылы осындай шараны тағы қолға алып, дәстүрге айналдырмақпыз,  — дейді Азамат Бекет. Фото автордікі
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39