06:58, 10 Мамыр 2022
Атырауда 11 адам жоғалып кетті
Атырау облысында 11 адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Inatyrau.kz жазды.
Белгілі болғандай, сағат 14:00-де «Уаз» жүргізушісі мен 10 жолаушы «Ақмаңдай» учаскесіне қарай бет алып, әлі оралмаған.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі іздеу шаралары басталғанын хабарлады.
«9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында Аққыстау ауылынан 160 километр қашықтықта құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастады», — деп жазылған хабарламада.