Атырауда "балықтың қырылуына" байланысты іс бойынша үкім оқылды

27.12.2019, 02:02

12

Жайық өзеніндегі балықтың қырылуына байланысты іс бойынша үш айыпталушы екі жарым жылға бас бостандығынан айрылды.

25 желтоқсанда Атыраудағы №2 қалалық сотта жергілікті сумен қамтамасыз ету ұйымының үш қызметкерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталып, үкім оқылды.

Сот «Атырау су арнасы» кәсіпорнының бұрынғы директоры Руслан Құрметов, оның орынбасары Виктор Сущенко және су тазарту станциясының бастығы Михаил Чурсинді Қылмыстық кодекстің 328-ші («Су бетін ластап, қоршаған ортаға ірі көлемде зиян келтіру») және 204-бап («Біреудің мүлкін құртып, аса ірі көлемде зиян келтіру») бойынша кінәлі деп тапты. Руслан Құрметов сонымен бірге 371-бап («Немқұрайлылық») бойынша кінәлі деп танылды.

Сот бұған қоса «Атырау су арнасы» кәсіпорнын облыстық орман шаруашылығы және жануар әлемі инспекциясының 14 миллион теңге көлемінде материалдық шығынын өтеуді міндеттеді. Кәсіпорын сонымен қатар Орал-Атырау бекіре зауытына — 429 миллион теңгеден астам, «Луговский жылқы зауытына» 1,5 миллиард теңгеден астам (4 миллион долларға жуық) өтемақы төлеуге міндеттелді.

— Сот үкімімен келіспейміз, міндетті түрде апелляцияға береміз, — деді Азаттық тілшісіне қорғау тарабының адвокаты Амантай Досыпов.

Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылғаны жайлы былтыр желтоқсаннан бері айтыла бастаған. Сол кезде құқық қорғау органдары бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

2019 жылы жазда сараптама мен талдау жүргізілгеннен кейін бұл іс бойынша «Атырау су арнасы» кәсіпорнының директоры мен орынбасары, су тазарту станциясының бастығы күдікке ілінген. 2019 жылы 5 шілдеде алғашқы сот отырысы өтті. Сот кезінде адвокаттар мен айыпталушылар сотқа дейінгі тергеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтар болғанын айтқан.

Қорғау тарабының ескертуіне қарамастан жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды 4-5 жылға соттауды сұраған.

Оқи отырыңыз: Жайықта қырылған балық. Жаңа дерек пен «даулы» сот

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39