16:10, 04 Қазан 2021
Атырауда дәретханадан жаңа туған нәресте табылды
Атырауда көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы ATPress хабарлайды.
Атырау облысы полиция департаменті нәрестенің анасы табылғанын мәлім етті.
«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің тірі екенін хабарлады.
«Бала Индер аудандық аурухананың перзентханасына орналастырылды. Ол – ұл бала. Денесіне суық өткен, дәрігерлер реанимациялады, қазір тірі. Анасы – 1990 жылы туған, Индер ауданының тұрғыны. Қазір аудандық аурухананың босанғаннан кейінгі бөлімшесіне жатқызылды», — делінген ведомство хабарламасында.