Атырауда дәрігерлер "жаңа туған сәбиді әдейі өлтірді" деген күдікке ілінді

05.10.2019, 02:00

5

Атырау облыстық перзентханасының директоры мен акушер-гинеколог «жаңа туған сәбиді өлтірді» деген күдікке ілініп, олардың үстінен «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 4 қазанда жемқорлыққа қарсы агенттік басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеді. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева шетінеген баланың шешесі мен туыстарынан кешірім сұрады.

Тергеудің алдын ала дерегі бойынша, «дәрігерлер өмірге келген сәбиді өлдіге санап, құжат толтырып жіберген. Бірақ кейін баланың тірі екені анықталған. Ал дәрігерлер базаға еніп кеткен құжат өзгермейді деп, баланы суық камераға салған. Бала суықтан өліп кеткен».

Шыңғыс Қабдуланың сөзінше, тергеу «Атырау облыстық перзентханасының директоры баланы суық камераға салуға бұйрық берген» деп күдіктенеді.

Қазір осы іс бойынша перзентхананың басшысы мен акушер-гинеколог күдікке ілінген. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, 20 жылға сотталуы мүмкін.

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілінің айтуынша, бұл сәбидің өлімі туралы директорға қатысты басқа баланың шетінеуін тексеріп жатқанда белгілі болған. Кабуланың сөзінше, перзентхана директоры «тағы бір сәбидің өліміне жасалған сараптаманы өз пайдасына шешіп беру үшін Атырау облыстық сот-медицина институтының басшысына 300 мың теңге (шамамен 800 доллар) пара берген» деген күдікке ілінген еді.

«Ол демеушілердің ақшасына шетелге демалысқа кеткен. Біз тексеру кезінде оның телефон арқылы әріптестеріне бала туралы бұйрық бергенін естідік. Бірден перзентханаға асықтық, бірақ үлгермедік. Сәби мұздатқыштың ішінде жансыз жатты» деді Кабдула.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16