Атырауда дәрігерлер жетіспейді

19.04.2018, 04:28

5

Атырауда әлі медицина қызметкерлері тапшы.Мәселені шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері жыл сайын медициналық оқу орындарының базасында өтетін «түлектер жәрмеңкесіне» барып, жас мамандарды мұнайлы астанаға жұмысқа келуге шақырып жүр. Осылайша, тек биылдың өзінде 114 маманмен  келісімшартқа отырған. Бұдан бөлек, жергілікті 35 студент еліміздің медициналық білім беретін жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Олар оқуы біткен соң бес жыл бойына облыс аумағында еңбек етуге міндетті.Аймақтағы дәрігер тапшылығы мүлдем жойылмаса да, жұмыстанудың арқасында біртіндеп азая бастағандай. Қазіргі болжам бойынша, 2020 жылы 50 жалпы практика, 65 бала дәрігеріне, 52 белгілі бір салаға бейімделген дәрігерлерге қажеттілік туындамақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның айтуынша, бүгінде Атырау облысына анестезиолог, реанимотолог, неонатолог, патологиялық  анатом, сот сарапшылары, акушер-гинеколог, онколог, фтизиатр, фтизиопатолог, пульмонологтар ауадай қажет.Облыс халқына қызмет көрсетіп отырған 22 аурухана мен 84 емхана да аздық етіп отырған-ды. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында төрт елді мекенде: Исатай ауданының Нарын, Махамбет ауданының Жалғансай, Қызылқоға ауданының Қарабау ауылдарында және қала маңындағы Тасқала  селосында амбулаториялар салынып жатыр. Ал Құрманғазы ауданында 75 орындық аурухана бой көтермек.

Құралай Қуатова, Атырау облысы

Фото:otyrar.kz

  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13