Атырауда драма театр өртеніп жатыр

22.08.2019, 21:00

3

Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрының ғимараты өртеніп жатыр. Бұл туралы 22 тамызда ІІМ төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрт шыққаны жайлы хабар 101 нөмеріне жергілікті уақыт бойынша 14.30-да түскен.

Комитеттің ақпараты бойынша, өрт электр сымдарынан шығып, театрдың шатырына жайылған. Қазір театр аумағы қоршауға алынған. Жергілікті әкімдік өртті 9 техника, 50 өрт сөндіруші сөндіріп жатқанын хабарлады.

Атыраудағы театр – Қазақстандағы ескі өнер ордаларының бірі. Ол 1938 жылы 5 наурызда «Мұнайшы» клубының жанынан ашылған. Жергілікті «Мой город» сайтының жазуынша, театрға күрделі жөндеу жасалып, биыл мамырда қайта ашылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34