Атырауда экологияның әсерінен егіздер мен үшемдер көбейіп жатыр ма?

19.01.2019, 20:30

12

Атырауда егіздер мен үшемдер жыл санап көбеюдеЖер бетінде соңғы жиырма жыл ішінде егіздердің саны екі жарым есеге өсіп, қазіргі күні 75 миллион егізге жетіпті. Кейінгі кезде егіздердің, үшемдер мен төртемдердің күрт көбеюін зерттеген неміс ғалымдары олар өндіріс ошақтары орналасқан, экологиялық жағдайы нашар саналатын өңірлерде көбірек туылады деген болжамға келіпті. Мұндай тенденция Атырау аймағында да байқалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыста 2016 жылы 137 егіз, 3 үшем, 2017 жылы 135 егіз, 2 үшем, 2018 жылы 157 егіз, 3 үшем дүниеге келген.-Біздің емханамызда соңғы үш жылда үшем тіркелген жоқ. 2016 жылы алты егіз бала туса, 2017 жылы – олардың саны 12, 2018 жылы – 11 болды. Егер жай жүктілік жағдайында біз әйелдің тіркелуін 12 аптаға дейін күтсек, көп жүктілік болған кезде 4-5 аптада-ақ ерекше тіркеуге аламыз. Олар аяғы ауыр басқа әйелдердей айына бір рет емес, екі аптада бір рет қаралып тұрады. Отыз алты апта болғанда апта сайын қарап тұрамыз. Босанғаннан кейін де сәбилердің денсаулығы жіті қадағаланады, анасының емізген-емізбегеніне қарамастан жасқа толғанша тегін сүтпен қамтамасыз етіліп, нәрестелер туғаннан кейін үш, он, қырық екі күн болғанда учаскелік дәрігердің баруы міндеттеледі, — дейді Атырау қалалық №7 емханасының аға акушері Гүлдария ТІЛЕШОВА. Көпұрықты жүктіліктің көбеюіне экстракорпоральды ұрықтандыру процесі де әсер етіп отыр екен. Дегенмен, бұл көрсеткіш облыс бойынша тым аз, егіз, үшем, төртемдер, негізінен, табиғи жолмен өмірге келіп жатыр.Атырау облысында бұл құбылыс экологиялық медицина тұрғысынан ешқашан зерттелмеген. Қазір де онымен айналысып жатқан ешкім жоқ.-Мен Атырау облысы тұрғындарының денсаулығын бірнеше жылдан бері бақылап келемін, бірақ, оны егіздер санының артуымен байланыстырып зерттеп көрген жоқпыз. Егер бізге соңғы жылдардағы статистикалық деректер беріліп, ұсыныс айтылып жатса – айналысуға болады. Бірақ, оның нәтижесі қашан шығарын тап басып айта алмаймыз, өйткені, бізде бұл талдауларды жасайтын зертханалық мүмкіндіктер жоқ, — дейді Қазақстанның ҰҒА академигі, ғалым Мұфтах ДИАРОВ.Фото: tengrinews.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39