Атырауда кемтар балаларды заңсыз жұмысқа жеге ме?

01.04.2019, 23:02

5

Атыраудағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қатысты дау-дамай белең алып барады.

Мекеме жұмысын тексерген прокуратураның «орталық қызметкерлері ұзақ жылдар бойы балаларды ұрып-соғып, заңсыз жұмыс жасатып келген» деген қорытындысынан кейін бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.

— Қазірпрокуратура қол көтерген тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Бұл жабайылық және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек. Алдыменмектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметіне салғырт қарау.Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек, — депмәлімдеді қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ.

Мұнайлы өңірдегі жағдай ҚР Сенатыныңтөрайымы Дариға НАЗАРБАЕВАНЫ да бей-жай қалдырмапты. «Интернат тәрбиеленушілеріне қатаң қарағандар заңға сәйкес жазалануыкерек» деген Сенат басшысы оның орын алуына әлеуметтік қызметтердікіналады. Өз кезегінде жоғарғы палата депутаттары мәселені ерекше бақылаудаұстамақ.

Түсінікті болу үшін сәл шегінсек, 2016жылға дейін №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «облыстық ақыл-ойыкем дамыған балаларға арналған интернат үйі» деп аталды. Атырауда осы атауыментаныс мекеме облыстық білім беру басқармасына емес, облыстық жұмыспен қамтудыүйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарайды. Айтқандай,көтерілген шудан кейін аталған басқарма басшысының орынбасарына сөгісжарияланды.

Ақыл-есінде ақауы бар 3-18 жас аралығындағы150 балаға арналған орталықта қазіргі күні 98 бала тәрбиеленіп жатыр. Былтырұйым құрылғанына 25 жыл болған мерейтойын атап өтіп, облыстық мәслихаттың «Еңүздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша алғысхатыменмарапатталған.

«Жас Алаш» газетінің өңірдегі тілшісі №3арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып қайтты. Белгілі болғаны,орталықтан бес адам – тәрбиеші мен палата санитарлары қылмыстық жауапкершіліккетартылып отыр. Прокуратура олардың заңға қайшы іс-әрекеттерін бейнетаспажазбаларын тексеру барысында анықтаған.

— Менбіздің мекемемізде балаларға ұзақ уақыттан бері қатыгездікпен, ұрып-соғыпқарайды дегенмен келіспеймін. Ондай деректер бізде болған да емес. Әрине, жұмысбарысында балаларды бір-бірінен жұлқылап ажыратқан, жерге жатып алып, тұрмайжатқан баланы шалт қиылман көтеріп алған жағдайлар бар. Бейнекамерада, мәселен,зат алып келе жатқан қызметкер қолы бос болмағасын жүрер жолға жатып алғанбаланы аяғымен түртіп жіберетін жері бар, оны «баланы тепті» деп айыптап жатыр.Немесе қыз баланың шашын тарап жатқанда ол көнбей жатқасын нұқып жібереді. Бізөз тарапымыздан да мұндай жайлар анықталса қызметкерімізге ескерту, сөгіс,қатаң сөгіс сияқты жазалар қолданамыз, бірақ, сөз болып отырған деректердежұмыс істейтін адамның тарапынан салақсып, осалсып кету бар да, қылмыстық ісқозғайтындай заң бұзушылық жоқ деп ойлаймын. Қалай болғанда да, істің соңғынүктесін сот қояды, болған жағдайға құқықтық баға беріледі деп есептеймін, — дейді орталық директоры Рысбек ТҮРДАҒАЛИ.

Тәрбиеленушілерді ұрып-соқты деп айыпталыпотырғандардың бірі – 3 блоктағы палата санитары Айжан ДҮЙСӘЛИЕВА.

— Мұнда2011 жылдан бері жасаймын. Аяужан деген «буйный» қыз бар еді, қарап тұрмасаң,балалардың бәрін тырнап, тістеп, жылатып қояды. Сол қыз мен өздігінен жүреалмайтын, көтенімен жорғалайтын Алдияр деген баланы алам деп жатқанда қолыменаяғыма жабыса кетті, аяғымды сілкілеп тартып алғам, білмеймін, камераға солайтүсті ме, «баланы тептің» деген кінә артып жатыр. Бір блокта он алты бала бар,екі адам қараймыз, бәрі дерлік памперс киеді, біреуіміз бұттарын ауыстырып,жуып-шаюға кеткенде екіншіміз қалғандарына қарап қаламыз, сондай кездерде қиын.Одан басқа, балаларды ұйықтатамыз, тамақтандырамыз, қоқыс төгеміз, іштітазалаймыз. Көтеріліп ауыратын балалар бар, соларды бір-бірінен ажыратыпотырамыз… Өзімнің де үш балам, бір немерем бар. Сол сияқты балалар ғой,ұрып-соғып қайтейін, — деп түсіндіредіАйжан.

Мұнда ақыл-есін білмейтін, сөйлемейтін,кейде көрмейтін, естімейтін, медицинаға жүгінсек, психоневрологиялықпатологиясы бар балалар өсіп жатқандықтан, жұмысқа қосымша догопед-дефектологмамандығы бар тәрбиешілер алынады. Ондай ерекше талапқа сай келетін тәрбиешітабу қиын болғандықтан, кадр жетіспеушілігі бар.

Орталық басшылығы прокуратура ұйғарымына байланысты тағы бірнеше мәліметке келіспейді.Біріншіден, 98 баланың бәрі бірдей ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар емес,көбісінің ата-анасы қатынап тұрады, ұл-қызын мүгедектігіне байланысты осы жергежатқызған. Екіншіден, балаларды «барып кел, шауып кел» қылып, жұмсап қоядыдеген «шындыққа жанаспайды» дейді.

Осы ретте бір жай анықталып қалды. №3 арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жасы он сегізден асып кеткен жиырмабала тәрбиеленіп жатыр екен. Талапқа сәйкес, кәмелет жасына толғандар Махамбетауданы Сарайшық ауылындағы осы типтес мектеп-интернатқа кетуі тиіс. Алайда, олжақта бұл балаларға орын жоқ, Құлсары қаласынан жоспарланған интернат әліашылмаған. Оны айтып отырғаным, бұл орталықтағы балалардың «еңбек терапиясы»,яғни күнделікті өмірге бейімдеу, қол, дене еңбегіне үйрету сияқты әдіс-тәсілдерон сегіз жасқа дейінгі балаға лайықталған. Одан ересектеу, ойлау жүйесінде ақауболғанмен, физикалық жағынан жетіліңкіреген жасөспірімдерге лайық көшет қазу,тал егу сияқты жұмыстар қарастырылмаған. Қалай дегенде де, баланың аты бала,орталыққа сыймай, тыпыршыған кей балалар «мен жасайыншы» деп заттарды көтеру,қозғау, еден жуу сияқты жұмыстарға жармасып жататын көрінеді. Орталық басшысыРысбек Тұрдағалидың айтуынша, кейде тәрбиеленушінің өзіне тиесілі емес қандайда бір жұмысты жасап жатқанын көріп, не бейнекамерадан байқап қалса дереу шарақолданылады.

Әділдік үшін айта кетейік, орталықтағы кейбірінен әке-шешесібас тартқан, есі жоқ, кемтар, өз бетінше өмір сүруге қабілетсіз, десек те ешбіркүнәсіз балақандарды көріп, жай-күйімен танысып шыққанша жүрегіміз ауырды. Осыныңбәрін күнделікті көру кез-келген адамның жүйкесіне ауыр салмақ түсіретінітүсінікті-ақ. Соған қарамастан, осы кезде дейін орталықтың екі қызметкеріинтернаттан бала асырап алған.

— Бірінші жағдайменің кезімде болған жоқ. Екіншісінде, бізде жұмыс жасайтын әйел адам екі қызытұрмыс құрып кеткеннен кейін ер баланы асырап алуға ниет білдірді. Өзіата-енесімен тұратын көрінеді. Баланың кемтар екеніналға тартып, «үй-ішің қалай қарайды» деген қауіп білдірдік. Әйтсе де, оларбірауыздан келісімін беріп, тәрбиеленушіні қуана-қуана үйлеріне алып кетті, — дейді Рысбек Жауқашұлы.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13