Атырауда күдікті ағым жетегіндегі ер адам бұрынғы әйелін сабап, күштеп көлікке отырғызып жатқан жерінен ұсталды
Атырауда деструктивті діни ағым өкілі полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, бұрынғы әйелін ұрған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Кyn.kz хабарлағандай, куәгерлер оқиға орнына полиция шақырған.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікке ілінген Honda автокөлігін Атырау-Қарабатан тасжолынан анықтап, тоқтатты. Көліктің рульінде болған 1987 жылғы жүргізуші полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, заңды талабына бағынбаған. Ал 1988 жылғы әйел бұрынғы күйеуінің өзін ұрып-соғып, дене жарақатын салғанын, еркінен тыс көлікпен белгісіз бағытқа алып бара жатқанын мәлімдеді. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің бұрын сотты болғаны, деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Заңға сәйкес, бұрынғы әйелін ұрып-соққан азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-2 бабымен кінәлі деп табылды.
Айта кетейік, бұл ер адам бұған дейін 4 мәрте осындай әрекет жасаған. Бұдан былай полицияның бақылауында болатыны хабарланды.