Атырауда мектеп те, мұғалім де жетіспейді

14.08.2019, 21:55

16

Атырау облысында былтырғы оқу жылында алты мектеппайдалануға берілсе, биыл 13 мектеп салынып жатыр. Жаңа оқу жылында оның бесеуі– Атырау қаласында екі және Исатай, Қызылқоға, Махамбет аудандарында біреуден — шәкірттерге есігін айқара ашпақ. Облыс орталығындағы «Жұлдыз» ықшамауданындағымектеп 624, «Нұрсаядағысы» — 900 орынға лайықталған. Қаладағы №17,22, 34, 27 мектептерге жалғама құрылыс салынып, апатты деп танылған Ғани МҰРАТБАЕВатындағы мектептің орнына басқасы салынып жатыр. Бір өкініштісі, МағжанЖҰМАБАЕВ атындағы №1 мектепті күрделі жөндеу жұмысы осымен үшіншы жылғасозылып, «сақалды құрылысқа» айналып барады.

Осындай көрсеткіштерге қарамастан, баланың көптігінен үшауысымды мектептерді түбегейлі жою мәселесі биыл да шешімін таппайтыны белгіліболып отыр. Оған халықтың демографиялық өсімімен қатар, ауылдардан қалалықжерлерге қоныс аударушылар санының артуы де себеп болып отыр. Облыстық білімберу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВАНЫҢ айтуынша,жаңа оқу жылында 17 732 бала мектеп табалдырығын аттамақ. Демек, былтырғыжылғыдан екі мыңдай артық бала келеді деген сөз. Сондай-ақ, 2019-2020 жылыоблыс мектептерінде 13 мыңнан астам бала оқиды десек, бұл да былтырғыдан жетімың балаға көп.

Аймақтағы әлі күнге шешімін таппай келе жатқан мәселе –педагогикалық кадрлардың тапшылығы. Бүгінде Атырау облысында он мыңнан астамұстаз бала оқытып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, 472 мұғалім жетіспейді. Бұданбөлек, 213 педагог зейнет жасына жетсе де сұраныс болғандықтан жұмыстарынжалғастыруда.

«Мұғалімдердіңжетіспеушілігі еліміз бойынша орын алып отырған проблема, мұндай жай тек біздеғана емес. Қазір батыс аймақтағы көрші облыстардан екі жүзге жуық педагогкеледі деп күтіп отырмыз», — дейді Жансұлу Төремұратова.

Фото: talgargazeti.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16