Атырауда қонақ үйде өрт шығып, 30 бала эвакуацияланды

17.06.2019, 09:00

3

16 маусым түнгі сағат бірден кете Атыраудағы «Райхан» қонақ үйінде өрт шығып, құтқарушылар 30 баланы эвакуациялады. Бұл туралы төтенше жағдай комитеті хабарлады.

Комитеттің дерегінше, "өрт ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунада шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш баланы құтқарып, 31 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 29-ы — бала". Эвакуацияланған балалар Орал қаласынан жарысқа келгені анықталды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының жетекшісі Ерлан Сүйеуғалиев Қазақпарат агенттігіне үш адамның (екеуі бала) уланып, ауруханаға жеткізілгенін айтқан. Сүйеуғалиевтің сөзінше, жедел жәрдем бригадасының төрт дәрігері де уланып, оларға да көмек көрсетілген.

Өрт сөндірушілер жалынды түнгі 02.30 шамасында толық өшірген. Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 26 маманы мен бес арнайы техникасы, 20 полицей мен алты арнайы техника жұмылдырылған. 9 шаршы метрді шарпыған өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34