Атырауда құрылысы бітпеген коттеджді қалашық сүріледі

05.01.2019, 00:28

5

Атырауда он бес жылдан бері тоқтап тұрған «сақалды құрылыс» жайы бір шешімін тапқандай болды. Атырау Мемлекеттік университеті мен мұнайлы өңірдегі Елбасы резиденциясына жақын жерге, Жайықтың жағасына бастап салынып, бітпеген күйі тасталған қос қабатты коттедждер бұзылып жатыр. Сәтін салса, алдағы көктемде коттедж қаңқалары сүрілгеннен кейін үш гектар жерге төрт қабатты тұрғын үйлер тұрғызылмақ. Онымен айналысатын — «Нью Инвестмест» ЖШС.Қаланың көрікті жерлерінің бірінен бой түзеуге тиіс болған коттедж қалашығы «Чайка» деген атпен танымал. Оны 2002 жылы құрылыстың қарқын алып тұрған кезінде «Бонита Инжиниринг» компаниясы қолға алған болатын. Кейін Атыраудан басқа да тұрғын үйлер салып жатқан компанияның айналыстағы қаржысы аздық етті ме, бұл істі мердігерге табыстайды. Арада бір жыл өткенде жұмыс тоқтайды. Аталған мекеменің сайтынан ендігі тарих қойнауына кеткен «Чайка» қалашығының макетімен, ықтимал келбетімен танысуға болады. Обалы нешік, «Чайканың» 2003 жылдан бері салынбай тұрғаны, құрылыстың белгісіз уақытқа тоқтағаны» да жазылған. -Менің білуімше, бүл үйлердің шаршы метрі аз болғандықтан оған алушылар табылмаған. Мәселен, қонақ бөлмесінің үлкендігінің өзі 18 шаршы метрдің айналасында. Ал құрылыс үлескерлер көмегімен салынбақ болған, — деп түсіндіреді қалалық архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы ЕрланеМҰҚАНОВ. Фото автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16