Атырауда үш ауысыммен оқытатын он үш мектеп бар

27.04.2019, 05:10

7

Атырауқаласында мектептер көптеп салынып жатса да үш ауысыммен оқуды мүлдем жоя алмайотыр. Қазіргі күні қалада мұндай он үш мектеп бар, оларда жоспарланған он мыңғажуық оқушының орнына 24 мыңнан астам бала барады. «Нұрсая», «Жұлдыз», «Алмагүл»,«Тасқала» ықшамаудандарында орналасқан мектептер қазіргі есеппен 14 800балаға артық.

-Орта білім беру мекемелеріндегі үш ауысымды жоюүшін жиырмаға тарта мектеп салу жоспарланып отыр. Қазір «Береке» ықшамауданында1200 орындық, «Нұрсаяда» — 900, «Жұлдыз-1»-де – 624, Дамбы поселкесінде үш жүзорындық мектеп салынып жатыр. Әрқайсысы алты жүз оқушыға лайықталған сегізмектеп әлеуметтік-әріптестік негізінде салынбақ. Бұдан бөлек, тағы сегізмектептің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, — дейді қалалық білім берубөлімінің басшысы Фируза Шангереева.

Үшауысымды амалсыздан қолданып отырған мектептің бірі – қаладағы Абай атындағы№15 мектеп. Мұнайлы астананың орталығында орналасқан білім мекемесініңмектепалды даярлық тобында 106 бала оқиды. Үш қазақ, үш орыс сыныбы бар. Бұлтоптарға топтап отырғанымыз, үш ауысымның нағыз «қызығын» көретін — осыбүлдіршіндер екен. Таратып айтсақ, таңертең бір сынып бес сабақтан 11.40сағатта шыққаннан кейін оған мектепалды даярлық топтары кіргізіледі. Олар 14.00сағатқа дейін оқып, сыныптарды келесі ауысыммен оқуға келгендерге босатыпбереді.

-Біздің мектебіміздің жан-жағында жұмыс орындарыкөп. Әкімдіктерден бастап, Атырау Мемлекеттік университеті, ірілі-ұсақтыкеңселер маңайда көп. Оларда жұмыс істейтіндердің көпшілігі баласын осындабергенді қолайды көреді. Біз алғашқы кезекте ықшамаудан тұрғындарының балаларынқамтуға тырысамыз, алайда, қазіргі күні оқушыны тұрғылықты жеріне қарап алужөніндегі ереже өзгерген, — деп түсіндіреді Абай атындағы №15 мектепдиректорының міндетін атқарушы Гүлайым Акимова.

Мәселенішешу үшін білім ошағының басшылығы ауладан қосымша бастауыш сыныптар ғимаратынсалуды сұрап отыр екен.

Бірбайқағанымыз, орыс тілінде оқытатын мектепке дейінгі даярлық сыныптарында баласаны көп. Көптігі сондай, кей сыныптарда 38 балаға дейін жетіп отыр. Ұстаздармұның себебін соңғы жылдары қазақы өңірде ұл-қызын халықаралық тілде оқытудықалаған ата-аналардың саны артқанымен түсіндіреді. Көп жағдайда, олардыбаласының қазақтілді балабақшада тәрбиеленгені де, аймақта орыс сыныптарынасабақ беретін мұғалімдердің өте-мөте тапшы екендігі де райларынан қайтарыпотырған жоқ.

ЖақындаБАҚ өкілдерімен болған кездесуде қалалық білім бөлімінің басшылығы бүгінде орыссыныптары үшін 336 педагогтың қажет болып тұрғанын жеткізген еді. Орыстілдімұғалімнің тапшылығынан 120 зейнет жасындағы ұстазбен бір жылға келісім-шартжасалып, олардың мектептерде жұмыс жасау мерзімі ұзартылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16