Атырауда ВИЧ инфекциясы белең алып бара ма?

15.08.2019, 17:19

2

«ВИЧ-инфекциясын жұқтырған БатысҚазақстан облысының төрт адамын Теңіз кен орнында іздеп жатыр, осы мәселегебайланысты эпидзерттеу жүргізіледі, біз оған Теңізде жұмыс жасайтындәрігерлерді де тартпақпыз. Қазіргі күні осы төрт адамның екеуі Теңізде расыменде жұмыс істегені анықталды». Облыстық ЖИТС-пен (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) күрес және алдыналу орталығының бас дәрігері Нұрғабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ осылай деп мәлімдеген болатын.

Алайда, облыстық денсаулық  сақтаубасқармасы бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Мәселеге орай таратылған баспасөзрелизінде көрші облыста анықталған төрт науқастың екеуінің вахталық жұмысқамүлдем қатысы жоғы, Орал қаласының өзінде жұмыс істейтіні айтылған. Қалғанекеуінің де дертті нақты вахтада жүріп жұқтырғаны анықталмаған екен. Демек,мұндай тосын мәлімдемеден кейін кеніштерді ВИЧ-инфекция ошағындай көріп,қауіппен қарау орынсыз болмақ екен.

Атырау облыстық денсаулық  сақтаубасқармасынан білгеніміз, облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы мен мұнай компанияларыныңарасында «ғасыр дертіне» байланысты профилактикалық шаралар жүргізу жүргізіліптұрады. Алайда, әрбір қызметкер бұл ауру түрі бойынша ешкімнің қинауынсыз, өзеркімен тексерілуі тиіс. Бұлайша өз бетімен келіп тексерілетіндер саны биылкерісінше, кеміп кетіпті. Осы жылдың басынан бері 54 469 адам қауіптіинфекцияның бар-жоғына тестілеуден өтсе, бұл былтырғыдан 1708 адамға кем.Осылайша, қазіргі таңда облыс бойынша ЖИТС-ке байланысты тестіленгендер саныбар-жоғы 6,8 пайыз құрап тұр.

Атырау облысында 2019 жылдың жеті айы ішінде ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 18 науқас анықталған. Олардың ішіндеәйелдер мен ерлер саны бірдей, 62 пайызы – жұмыс жасайтындар. Көп жағдайдаадамдар ауруды бейберекет жыныстық қатынастар арқылы жұқтырған екен, бір жағдайданашадан, тағы бір жағдайда – гомосексуалдық байланыс арқылы жұқтырған. Мұныңішінде, соңғы көрсетілген статистиканың жыл сайын төмендеп келе жатқаныбайқалыпты. 

Бұған дейін «ЖасАЛАШ»  басқа елден келген азаматтардан иммун тапшылық вирусыинфекциясына анықтама талап ету жөнінде (zhasalash.kz/article/1421-atyrauda-vich-ke-shaldyqqan-sheteldikter-kobeyip-barady) мәселе көтерілген болатын. Осығандейін мұндай ұсыныс ҚР Парламентінде қаралып, қолдау таппаған. Бұл жолы даАтырау облыстық кәсіпкерлер палатасы жұмысқа тұратын адамдарды ВИЧ инфекциясынатестілеу туралы ұсыныстан бас тартыпты. Себеп, ол үшін қажетті нормативтіқұжаттардың қабылданбауы.

Фото:inform.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34