Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:28, 11 Мамыр 2022

Атырауда жеті үй мен 25 көшені су басты

None
None

Атырауда нөсерден кейін 7 тұрғын үй мен 25 көше жаңбыр суының астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, 10 мамыр сағат 21:00-ге дейін 7 жеке тұрғын үй, 15 аула мен 25 көшені жаңбыр суы басқаны анықталған. «Толассыз нөсер жауыннан Атырау қаласының аумағында 36 мм ылғал түсті. Бұл – айлық нормадан артық ылғал. Нөсердің салдарынан шаһардағы тұрғын үйлер мен аулаларды, көшелерді басқан су деңгейі 15 см-ге дейін көтерілген. Осы уақытқа дейін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органның техникаларымен 2 679 текше метр су сорылды. Жаңбыр суын сору жұмысы жалғасып жатыр. Осыған орай арнайы штаб құрылды», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Су соруға төтенше жағдайлар департаментінен 28 қызметкер, 6 техника, 9 мотопомпа тартылған. Ал, жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен «Арнаулыавтобаза» ЖШС мен «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тарапынан 78 адам, 54 вакуум көлігі, 2 мотопомпа шығарылған.

Тегтер: