Атырауда жұқпалы ауру қағаз жүзінде ғана өспеген

27.12.2018, 05:00

5

Атырау облысы Индер ауданындағы санитарлық–эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанмен, инфекциялық аурулардың он бір назологиясының жыл басынан бері алты түрінен өсу байқалып отыр екен. Кенттегі сантиралық талаптар сақадай-сай сақталып отырмағаны байқалып тұрса да әлі күнге дейін тұрғындардың енжарлығынан тиісті орындарға келіп түскен бірде-бір арыз-шағым тіркелмеген. Ал ауданда жұқпалы аурулардың өсіп отырғаны байқалады екен.-Мәселен, жұқпалы ішек ауруы былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4-ке, туберкулез ауруы сегіз ауруға көбейіп отыр. Ал, вирустық гепатит ауруы соңғы бес жылда тіркелмеген болса, биыл үш ауру тіркеліп отыр. Қазіргі кезде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз, хабарлама берместен жұмыстарын бастап, санитарлық талаптарға сай емес, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмейтін шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметінен тері ауруларының саны 24-ке көбейіп отыр,  — дейді аудандық мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Шолпан АБАЙҚЫЗЫ.Осы аталғандардың ішінде, әсіресе, құрт ауруының көбеюі халықтың немқұрайлылығынан болып отыр демеске шара жоқ. Өйткені, жай ғана жөтелмен басталған тыныс жолдарының инфекциялары, уақтылы дәрігерге қаралмағанда, дәрігерге қаралып, бірақ берілген емді толық алмағанда, үй жағдайында өз еркімен емделу салдарынан жөтел пневмонияға, туберкулезге ұласып кетуі әбден мүмкін екендігін ешкім ескере бермейді. Елімізде халық туберкулезді ерте анықтау мақсатында тұрақты флюорографиялық тексеру жүргізіліп отырады. Алайда, екі жылдан астам тексеруден өтпеген кейбір тұрғындар медициналық персоналдармен шақырту болғанымен, тексеруден өтуге үзілді-кесілді бас тартып, мүлде келмейді екен. Сөйтіп, ауруды ерте анықтаудың жолын кеседі. Сондай-ақ, балаларға туберкулезге қарсы екпе алу мәселесі де күрделеніп барады, аудан бойынша 89 баланың ата-анасы екпеден бас тартып, өз балаларын қаншалықты қауіпті жұқпалы ауруларға итермелеп отыр.Аудан бойынша бруцеллез ауруының өсіп отырғаны да алаңдатады. Биыл облыс бойынша анықталған 58 аурудың 34-і расталған. Мұның ішінде, он екісі — 9-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Әрине ауыл баласына әке-шешесіне қолдағы малды бағысып, көмектескені жақсы-ақ, бірақ, балалар ауру малға жақын жүрген соң дерт жұқтырып алып жатыр.Индер аудандық мемлекеттік бас санитарлық дәрігері тұтынушылардың дүкен, мейрамхана, кафелердегі санитарлық талаптардың бұзылғандығын көре отырып, ескерту жасап, талап қоймайтыны да жұқпалы аурулардың өсуіне себеп болып отыр деген пікірде. Оның үстіне, қазіргі күні шағын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау саясатының аясында аталған жеке кәсіпкерлік субъектілері тексерілмейді. Санитарлық талаптар бұзылған жағдайда ауызша, телефон арқылы анонимді емес, жазбаша түрде шағым болғанда ғана тексерулер жүргізіледі.Фото: derma.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16